Оқи отырыңыз

...Сауат ашумен қатар үйренуге міндетті дисциплина – ақпараттық талғам мен гигиена.

Автор: Айдос Сарым

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Шабаданға қандай заттарды салу керек?

Шабаданға қандай заттарды салу керек?

Шабаданға қандай заттарды салу керек?

Кезекті демалысқа я іссапарға аттанған кезде, киімдерді ретке келтіріп, керекті дүниелерді сөмке-шабадандарға саламыз. Көп жағдайда жүктердің арасынан «қажет болмайтын» дүниелерді де көрінеді. Назарларыңызға жолға шықпас бұрын шабаданға қандай заттарды салу керектігі туралы ақыл-кеңесімізді ұсынамыз.

  1. Өзіңізбен бірге «қажет болады-ау» деген заттарды алыңыз. Яғни олар оптикалық көзілдірік, гигиеналық заттар, дәрі-дәрмектер, әшекей бұйымдар, косметика т.с.с керекті дүниелер.
  2. Заттарыңызды шабаданға салмас бұрын, керекті дүниелердің тізімін жасаңыз. Тізім жасалған бойда, дүниелеріңізді бірнеше топ-топқа бөліңіз. Бағалы заттар: ақша-қаражаттары, әшекей бұйымдар, құжаттар т.с.с.
  3. Жолға шықпас бұрын, баратын елдің ауа-райын біліп алыңыз. Кейін ауа-райының болжамына сүйеніп, киініңіз. Өзіңізбен бірге тек сапарда киетін киімдерді алған жөн.
  4. Суық жаққа барсаңыз, жылы киімдерді, жылы аймаққа барсаңыз жеңіл киімдерді шабаданға реттеп, салып қойыңыз.
  5. Жолға шыққанда, жеңіл әрі ыңғайлы, өкшесі жоқ аяқ-киім киіңіз.
  6. Іш-киімдер мен ұйықтаған кезде киетін жеңіл киіміңізді ұмытпаңыз.
  7. Әшекей бұйымдарды көп мөлшерде алудың қажеті жоқ.
  8. Косметикалық бұйымдар мен гигиеналық заттарды кішкентай сөмкеге салып алыңыз. Өзіңізбен бірге тек күнделікті күтімге қажетті бұйымдарды алыңыз. Қонақүйлерде сусабын, сабын, гель берілетінін ескеріңіз.
  9. «Киім бүктеліп қалғанда, керек болады-ау» деген оймен көп жандар өздерімен бірге үтік алып жүреді. Бұл қосымша жүк. Оның сізге еш қажеті болмайтынын, қонақүйлерде үтіктің бар болатынын ескерген жөн.
  10. Шабаданмен қатар, қол сөмкеңізді ала жүріңіз. Оның ішінде тек жолда қажет болатын дүниелерді салыңыз: ақша, жеке құжаттар, әуе билеттері, бет орамал, ұялы телефон т.б.

Суреттер: redom.ru, goodhouse.ru

1665 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 17 наурыз 2012, 18:00
Пікірлер
+0
17 наурыз 2012, 19:31

Шабадан демекші, бір жаққа кетерде, әсіресе, Оралға кетерде гардеробымды көшіре кететін едім ) Сол киімдердің бірін де кимей, қайтып алып келем сосын ) Қазір екі-үш киіммен тартып кететін болдым ) Жүктің жеңілі жақсы ғой жолға

+0
17 наурыз 2012, 19:38

Жүк жинамас бұрын, керекті заттарды ұмытпас үшін тоны қағазға түсіріп, тізім жасап алу керек. Өзім солай істеймін. Ештеңе ұмытпайсың)

+0
17 наурыз 2012, 20:02

Мен де көп кімдерді салып алатымын баратын жағыма. Киілместен қайтып келетін. Енді үйреніп жатрмын аз жүк ұстауды.

+0
17 наурыз 2012, 23:36

қалай қате кетіп қала береді. Жұтып қоятын әдеті бар ма екен, құрсыыыын.

+0
17 наурыз 2012, 23:25

Ең бастысы резинканы ұмытпау керек.......... неше түрлі жағдай болуы мүмкін ғой...........

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Табысқа жетудің сыры неде?
Табысқа жетудің сыры неде?

Әрбіреуіміз өз қалаған салаларымызда табысқа жету үшін не істеуіміз керек?

Автор: Амине Қадыр
Енді не болмақ
Енді не болмақ

«Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – Осы болар таза ақыл өлді демек»- деген екен...


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...