Нью-Йорк қаласында футуристік стильдегі жаңа үй пайда болды

Нью-Йорк қаласында футуристік стильдегі жаңа үй пайда болды
Фото: vk.com

Атақты архитектор Заха Хадид жобасымен жасалған футуристік стильдегі тұрғын үй Манхэттенде Хай-Лайн паркіне қарама қарсы жерүсті темір жолының орнында салынған. Эскизі ерекше талғаммен сызылған үй сыртқы келбеті бойынша қарапайым тұрғын үйден гөрі, ғарыштық кемеге көбірек ұқсайды. Ғимарат ішінде  39 резиденция, спа және бассейн бар. Екі бөлмелі пәтердің бағасы 5 миллион доллардан басталады, ал 3 қабатты  пентхаус 50 миллион қаржыны талап етеді.

Бұл тұғын үйдің құрылысы 2013 жылы басталып осы күнге дейін созылды. Алғашқы тұрғындар жаздың алғашқы айында көшіп келеді деп жоспарланып отыр. Бұл – атақты Заха Хадид жасаған алғашқы көпқабатты үй.

Ал, сізге бұл үйдің стилі ұнайды ма?

А. Оралқызы