Мәңгілік жаз: қыс көрмейтін 5 ел

Мәңгілік жаз: қыс көрмейтін 5 ел
Фото: Картинки на рабочий стол, обои для рабочего стола

Табиғаттың заңдылығына бағынатын болсақ, жер бетінде төрт мезгіл бар: көктем, жаз, күз, қыс. Әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі мен құндылығы бар. Көктем – құлпыру мен қайта өркендеудің мезгілі болса, жаз – жасыл бақтың, күз – сарғайған сағыныштың, ал қыс – мамық оранған ақ даланың мезгілі. Бірінде күн шуақты болса, бірінде жаңбыр, бірінде қапалақтап жауған қар. Бір қызығы «Мәңгілік жаз» атанып кеткен елдер де бар. Бұл елдер қарды тек көгілдір экраннан көрмесе, қыстың қандай суық болатынын елестете де алмайды. «Мәңгілік жаз» елдеріне бірге саяхаттайық. 
Австралия 
Желтоқсан мен ақпан айының аралығында қалыпты жағдайда қар түсіп, қыс мезгілі болатын кез. Біздің елде де бұл айларда қар қалың әрі қыс суық болады. Ал Австралияда керісінше осы кезде бақтары гүлдеп, жасыл желекке оранады. Ауа температурасы +30 градусқа дейін жетеді. 

Бали. Индонезия 
Тропикалық ормандарға толы Балида мәңгі жаз. +33 градусқа дейін жететін елде сіз жақсы демалып қайтуға мүмкіндік ала аласыз. Күндіз ыстық, кешкісін тропикалық салқын жел ғана болады.

Гоа. Үндістан 
Гоа – ең ыстық әрі табиғаты керемет жер. Үндістанда орналасқан Гоаның жағалауларынан саяхатшылар аяғы үзілген емес. Ауа температурасы бізде –30 болған кезде, бұл жерде, керісінше, +32 градус ыстықты көрсетеді. 

Египет/ Мысыр 
Ежелгі өмірдің қақпасын ашатын, пирамидаларға толы Египетте мәңгілік жаздың белгісі ретінде құмды даласын көреміз. +30-35 градус арасында ыстықпен арпалысып жүруге дайын болсаңыз, «мәңгілік жаз» сізді құшақ жая қарсы алады.

Мальдив 
Қымбат тастардың отанына айналға Мальдив аралдары сізге таныс. Үнді мұхитымен көмкеріліп жатқан аралда сіз естен кетпес демалыс өткізесіз. Бұл елде ауа температурасы +30 градустан асады. 

М. Ақан