Сіз білмейтін Швейцария

Сіз білмейтін Швейцария

Жер бетіндегі ең сұлу, ең керемет, өмір сүруге ең қолайлы ел деп Швейцарияны айтып жатамыз. Бұл шындыққа да жанасады. Себебі таулары мен баулары жасыл желекке бөленген елдің көзтартар табиғаты кез келген саяхатшыны таң қалдырмай қоймайды. Дегемен сіз бұл елді толық білмейсіз.

1. Швейцарияда жолда жылдамдықты асыру кезіндегі айыппұлды азамат тапқан табысына қарай төлейді. Мәселен «Феррари» көлігімен жүретін тұрғын көліктің жылдамдығын асырғаны үшін төрт миллион доллар көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Себебі оның жылдық табысы миллион долларды құрайды.

2. Берн қаласында Toblerone кәсіпорнынан жылына 7 млн плиткалы шоколад өндіріледі.

3. Бұл елде әлемдегі ең жоғары жалақы тіркелген. 2010 жылы мұғалімдердің орташа жалақысы 120 000 долларды құраған.

4. Швейцарияда әскерге 18 жастан кейін баруға міндеттеледі және әрбір үйде соғыс алды дайындық ретінде қару-жарақ бар.

5. Адамның ақылы жетпейтін мүсіндер де көп орналасқан. Берн қаласындағы отырған жас жеткіншектің мүсініне 500 жыл болған. Бірақ қала тұрғындары ол мүсіннің не мақсатта орнатылғанын әлі күнге дейін білмейді.

6. Ең қызығы бұл елде астана жоқ. Тек Берн қаласы сол атауға ие ретінде аталады.

7. 1802 жылы бұл елде де соғыс жағдайы болды. Бірақ соғыс кезінде бұл елдің әскерлері тек ағашпен соғысқан. Өйткен Наполен елдің барлық қару-жарағын тартып алған.

8. Ең кереметі бұл ел әлдемдегі ең қауіпсіз ел болып саналады. 

М. Ақан