2 мың жыл бұрын жасалған май

2 мың жыл бұрын жасалған май
Фото: youtube.com

Ирландия аумағында 2 000 жыл бұрын дәмді сары май дайындаған. Археологтар Мит графтығы торф батпағында сақталған салмағы 10 келі майды қазып алды.

Жәдігер Ирландия ұлттық мұражайында сақталады. Музей қызметкерлері құнды өнім батпақ құдайына құрбандық ретінде дайындалғанына сенімді. Жергілікті тұрғындар әскери көшпенділерінің шабуылынан тағамдарын сақтау үшін азық-түлікті батпаққа жасырған. 

Табылған май қоржынға немесе жануарлар терісіне салынбаған. Оған қарағанда, майды қайта алып шығу ойда болмаған.  

2 мың жыл бұрын жасалған майдан сүттің иісін аңғаруға болады. Оның дәмі белгісіз. Дәмін татып көруге ниетті жандар әзірге табылмады.

Екі жыл бұрын Ұлыбританияда 4000 жыл бұры дайындалған май кесегі табылды. Оның дәмін көрген аспаз Кевин Торнтон тағамның өте дәмді екенін айтты.

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы