Жапонияда сакура гүлдеді

Жапонияда сакура гүлдеді

Жапонияда сакура гүлдеді, – деп жазады 24.kz. Бұл ағаштың қауыз жарғанын ең алдымен елдің оңтүстік өңірінің тұрғындары көріпті. Ал бірер күн бұрын Токионың өзінде де сакура гүлдеді.

Биыл Жапонияға көктем әдеттегіден бірнеше күн ерте келді. Халық дәстүр бойынша барлық шаруаларын қалдырып, сакураның гүлдеуін көру үшін қала саябақтарына аттанады. Мұндай күндері бақта бос орын табу оңайға түспейді.

"Сакура – жапондар үшін өте маңызды мемлекеттік символ. Ағаш гүлдегенде оқыған достарымызбен бірге міндетті түрде бақта жиналамыз. Дәстүр бойынша бір-біріміздің денсаулығымызды сұраймыз. Ханами – Жапониядағы жаңа қаржы мен оқу жылдарының басталуымен сәйкес келетін мереке. Көпшілік үшін бұл – жаңа өмірдің бастауы. Әр адам 2 апта ішінде сакураның гүлдеуін көріп қайтуды өзіне міндет санайды", – дейді Ичихара қаласының тұрғыны Юкио Щидзуки.

сурет: udivitelno.com

Е. Қайрахан