Дубайға 3D саяхат жасауға мүмкіндік беретін қызмет ашылды

Дубайға 3D саяхат жасауға мүмкіндік беретін қызмет ашылды

Енді компьютеріңіздің алдында отырып-ақ Дубайға саяхат жасай аласыз, деп жазады inform.kz агенттігі www.muslim.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлем тұрғындарына арналған ерекше жобаны Біріккен Араб Әмірліктері бір жарым жыл дайындаған. Дубайдың тамаша келбетін 360 градуста көрсететін виртуалды саяхат интернет арқылы іске асырылады.

Dubai360 атауымен шыққан жаңа жобаға 1,3 мың панорамалы фото-бейнероликтер енгізілген. Интерактивті турда елдің мәдени құндылықтарымен, санжұлдызды мейманханалармен, көлік құрылымдары және әуежайларымен жақынырақ танысуға болады. Ал қала келбетін шынайы көрсету үшін онда 500 мыңнан аса сурет жүктелген. 

Сервиске кіру үшін мына сілтемеге өтіңіз.

сурет: dubai360.com сайтынан скриншот

Е. Қайрахан