Сингапурда ерекше әуежай салынады

Сингапурда ерекше әуежай салынады

Өткен жылы Сингапурдың премьер-министрі Ли Сиен Лун (Lee Hsien Loong) Project Jewel атты жобаны таныстырды. Бұл жалпы аумағы 134 мың шаршы метрлік әуежай терминалының жобасы еді. Оның жер үстінде бес қабаты, жер астында тағы бес қабаты болады. Терминалдың қасбеті болат пен айнадан салынады.

Терминал орталығында әлемдегі ең үлкен (жабық алаңда орналасқан) субұрқақ орнатылады. Оның биіктігі 40 метр болмақ. Терминалдың әр қабатында ағаштар да отырғызылады.

Кешен аумағындағы сауда орталықтары, ойын алаңы және серуендеу алаңы дала табиғатына ұқсайды. Онда 130 адамға арналған қонақ үй де болады.

Жасыл желекке оранатын жаңа терминалдың құрылысы 2018 жылдың соңында аяқталады.

Сурет: re-actor.net

Ж. Өрісбай