АҚШ-та Аналар Күні

АҚШ-та Аналар Күні

Бүгін Америка Құрама Штаты жыл сайын мерекеленетін, кезекті Аналар Күнін тойлап жатыр. Олар мамыр айының әр екінші аптасына таяған күнді «Аналар Күні» етіп жариялайды екен. Ол күні барлық америкалықтар аналарына ерекше көзқараспен танытып, құрметтерін білдіреді. Сыйлықтар ретінде бүлдіршіндер қолдан жасалған ойыншықтар, суреттер, ал егде азаматтар ана атаулы барша әйелді гүлдермен қуантып, мерекелік ас тарту етеді. Көптеген жұрттар шақыру қағазын жасатып немесе арнайы сыйлықтарын жіберіп аналарын қонаққа шақырады.

Аналар Күні аналардың дүниедегі рөлдерінің маңыздылығын айшықтайды. Осының арқасында сыйлық сауда орындары ішінде тез  атаққа ие болды. Көрсең көзің тоймас әшекейлер, естелік заттар сияқты сан алуан сыйлықтардың түрлері пайда болды. Тағы бір қызығы, тап осы күні Румыния Әкелер Күнін тойлайды екен. 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы 

Сурет: www.mothersday2014.co

Н. Нұрмаханұлы