Оқи отырыңыз

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / "Мәңгілік ел" қақпасы

"Мәңгілік ел" қақпасы

Бірнеше күн бұрын Әлемтану оқырмандарына әлемдік сәулет өнерінің кестесінен орын алып үлгерген тамаша өнер туындысы - "Хан шатыр" ойын-сауық орталығы туралы әңгімелеген болсақ, бүгін елордамыз Астана қаласындағы асқақ рухымыздың тағы да бір нышанына айналған "Мәңгілік ел" қақпасы туралы баяндайтын боламыз.

"Мәңгілік ел" қақпасы әлемдегі санаулы қа­лаларға тән ерекше сәулеттік-мо­ну­мен­тал­ды туынды. Әдетте мұндай қақпа жеңіс рухын асқақтату немесе жасампаз жетіс­тік­тердің құрметіне қаланың кіреберісіне, үлкен жолдың бойына орнатылады. Астанадағы салтанат қақпасы да осы талаптарға толықтай жауап бере алады.

Бұл сәулет нысаны Астананың сол жа­ға­лауындағы аспанмен таласқан зәулім ғимараттардың ортасынан ойып орын алып, Есілдің сол жағалауындағы Ас­та­наның жаңа әкімшілік орталығы, қай­та­лан­бас дара бейнесі бар толымды сәулет ансамблін түзбек: темірқазығы – Елба­сы­ның ақ сарайы Ақорда, одан тарайтын «шуақ бағыты» бір жағынан Бейбітшілік және келісім сарайына, «Қазақ елі» мону­мен­тіне, Тәуелсіздік сарайына, Шабыт сарайына тараса, тағы бір «сәулесі» сулы-жасыл желек жолды көктей өтіп, көкке қарай бет алған алып ғимараттарға бағыт алып тұр.

Сәулет нысанының биіктігі – 20 метр. Бұл – ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығының белгісі. Салтанатты қақпа Тәуелсіздіктің жиырма жылдығының қарсаңында ашылғанын айта кетейік. 

Әрбір қабырғаның төменгі табанында биіктігі 4,4 метр болатын көлемді мүсіндер бар. Композициялық тұрғыда бұл ба­рельеф­­тер нысанның төменгі жағында ор­на­­лас­қан. 

Қақпаның сол жақ қапталында «Ақ­са­қал» мүсіні орнатылған. Бұл – халықтың ойы мен рухани өлшемінің көрінісі, да­на­лық­тың символы. Санаға сіңген осынау дәс­түрлі бейне «даналық», «данышпан», «ғұлама» сынды қазақ халқына тән ұлы ұғым­дармен астасады. Оның қазақы ерек­шелігін ұлттық киімінен аңғаруға болады. 


Қақпаның сол жақ қапталында от иесі – «Әйел-Ананың» рельефті мүсіні ор­на­тыл­ған. Ана бейнесі қазақ ұлты үшін «Отан-Ана», «Жер-Ана», «ана тілі» сынды киелі ұлт­тық ұғымдарына ұласады. Олай болса, ана бейнесі арқылы адамның дүниеге келуі, туған жер мен Отан туралы идео­ло­гем­ма айқын көрініс табады. 

Мүсіндердің әрқайсысының астында қазақтың «Мәңгілік» дара таңбасы орын тепсе, әр мүсіннің жоғарғы жағында Елтаңба орналасқан. Сыртқы бөліктің жоғарғы жағында «Мәңгілік ел» жазуы бар. Ол – мемлекет пен ұлттың уа­қыт­қа тәуелсіз киелі қорғаны.

Сондай-ақ қабырғалары қазақтың күр­делі ұлттық өрнектерімен безендіріліп, ор­та­сына қазақ жауынгерінің бес қаруының бірі – қалқан орналасқан. Қалқан – қауіп-қатердің қорғаны, сенімділік, тұрақ­­ты­лық, жеңістің белгісі. Нысанның екі жағындағы «Тай қазан» мүсіні өзіндік орындармен ерекшеленеді. «Тай қазан» тыныштық пен тоқшылықтың, бірегей көңіл мен қонақжай пейілдің терең ұғымын білдіреді. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев қақпаның ашылу салтанатында: «Біз бұл тамаша Жасампаздық қақпасын біздің еңбегіміздің, біздің табыстарымыздың белгісі ретінде, болашаққа өтудегі белгіміз ретінде тұрғыздық. Қақпа біздің жас, әсем елордамыз – Астананың тағы бір символына айналатын болады. Біздің береке-бірлігіміз, біздің достығымыз, біздің көпұлтты мемлекетіміздегі өзара сенім бізді үлкен жеңістерге жеткізді. Біз бүгін осы жерге ұлы мерекені – ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өту үшін келіп тұрмыз. Мен барлығыңызды осы мерекемен құттықтаймын. Халқымызға жақсылық, бақыт, әрбір отбасына амандық тілеймін! Қазақстан жасасын! Тәуелсіздік жасасын! Қазақстандықтардың бірлігі жасасын! Мерекелеріңізбен!», - деген екен. Біз де еліміздің оты мәңгілікке сөнбесін деп тілейік! "Мәңгілік ел" қақпасына сіз де қонаққа келіңіз!

Арнайы Massaget.kz үшін: Айгерім Сматуллаева

Ілмек сөздер: Астана қаласы, "Мәңгілік ел" қақапасы, тәуелсіздік, Қазақстан, Н.Ә.Назарбаев

Дайындаған:
Кәусар Мұң
Қосылған күні:
04 сәуір 2013, 15:57
Тегтер:
Астана қаласы, "Мәңгілік ел" қақапасы, тәуелсіздік, Қазақстан, Н.Ә.Назарбаев
9773 2
Рейтинг: +3

Мақала ұнады ма? Ұнаса, достарыңмен бөліс!
Пікірлер
+0
04 сәуір 2013, 17:28

мен әлі көрмедім

+0
05 сәуір 2013, 11:46

Жолдың ортасын қақ жарып тұр осы мәңгілік ел қақпасы. өте ерекше көрінеді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Ең қызықты блогтар

Әже мен немерелері
Әже мен немерелері

Мен де болғанмын, бір кездері "бүлдүршін" Деп Әжетай, бізді әбден күлдірсін...

Маңғыстау жастары ҚР ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаевпен кездесті
Маңғыстау жастары ҚР ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаевпен кездесті

Шара «Жас Отан» ЖҚ-ның «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында өттті.

О,Есенин!
О,Есенин!

(Есенинмен сырласу)


Соңғы аудармалар

Ештеңе етпейді, бұл – махаббат / It’s Okay, It’s Love (4-бөлім)
Ештеңе етпейді, бұл – махаббат / It’s Okay, It’s Love (4-бөлім)

Түпнұсқа атауы: It’s Okay, It’s Love Мемлекет: Оңтүстік Корея Жанры: мелодрама, комедия Жылы: 2014 Серия саны: 16 Рөлдерде: Ин Сон Чо, Хё Чжин Гон, Дон Иль Сон, Кван Су Ли, Чжин Кён, Сон Кён Ли, Кён Су До, Ик Чжун Ян, Тхэ Юб Но, Хва Юн Чха, Ми Кён Ким, Чжин И Юн, Сон У До, Мун Кён Чхве, Сын Кён Чхве, Чон Хён Хан, Сын До Пэк, Хан Хо Тэ, Дон Ха Ли Режиссері: Кё Тэ...

T-Ara - Cry Cry Ballad ver [қазақша субтитрмен]
T-Ara - Cry Cry Ballad ver [қазақша субтитрмен]

T-ara (Tiara/ 티아라) - 2009 жылы Mnet Media агенттігі құрған оңтүстік кореялық қыздар тобы. Дебютке дейін көпшіліктің сұранысында жүрген "Super Rookies" («Супер Жаңа») деген...

Jonghyun - Deja-Boo [қазақша субтитрмен]
Jonghyun - Deja-Boo [қазақша субтитрмен]

Оңтүстік кореялық әнші, сазгер, модель, радиожүргізуші Jonghyun (Джон Хен) 1990 жылы туған. SHINee (бас вокалист) және S.M.THE BALLAD топтарының мүшесі. Өнер жолын 2008 жылы бастаған....