Астана тұрғыны лотереядан 100 миллион теңге ұтып алды

Астана тұрғыны лотереядан 100 миллион теңге ұтып алды

Астана қаласының тұрғыны "Супер Лото 35-тен 6" лотереясынан жалпы құны 106 миллион теңге болатын джекпот ұтып алды, деп хабарлайды Kazakhstan Lottery Service компаниясына сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі. 

Сәттілік әкелген билеттің иесі 6 цифрдан тұратын комбинацияны дәл тапқан екен (2-4-10-23-30-32). Ол ұтқан ұтыстың нақты сомасы 106,43 миллион теңге (708 216 доллар). Миллионердің аты-жөні әзірге жарияланған жоқ.

Айта кетейік, келесі "Супер Лото 35-тен 6" лотереясының джекпоты 20 миллион теңгені құрайды. Джекпот құны тікелей сатылған билет санына тәуелді. Егер ойын барысында джекпот иесі анықталмаса, ол күймейді және келесі тиражда ойнатылатын болады. 


 Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: playhugelottos.com

Б. Қосмағамбет