Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Алакөл - табиғат сыйлаған шипа

Алакөл - табиғат сыйлаған шипа

Алакөл - табиғат сыйлаған шипа

«Алакөл» атауы ежелгі түрік және моңғол сөздерінен аударғанда «ұлы көл» немесе «таулы көл» деген мағына береді. Көл суының түсін алғаш рет қарағанда анықтау қиын. Ұсақ көлдердің түсі алуан түрлі болады. Айталық, Сасықкөл көгілдір түсті, Қоржынкөл - сұрғылт, Қылытұз - сары. Жергілікті тұрғындар көлді пішінінің, түсінің, көлемінің әр түрлі болғаны үшін «Алакөл» деп атап кеткен.

 Алакөл Ұялы, Жалаңашкөл, Сасық көл және т.б. ұсақ көлдерден тұрады. Аралдармен бірге есептегенде көлдің ауданы - 2696 шаршы шақырым, су көлемі - 58,56 куб шақырым, ені - 52 шақырым, ұзындығы - 104 шақырым, жағалау сызығының ұзындығы - 348 шақырым. Көлдің орташа тереңдігі - 22 метр, ең терең жері - 54 шақырым. 

 

 Алакөл жағалауы арал, шығанақ, айлақ және мүйістермен тілімделінген. Үлкен, Кіші Аралтөбе, Белқұдық және т.с.с. аралдар бар. Үлкен және Кіші деп аталатын екі терең Балғын шығанағы қорғаныс-порты болып табылады.

 Жағалаудың климаты шұғыл континенталды. Солтүстік жағында жел жылдамдығы 40-50 м/сек, ал оңтүстік-шығыс және орталығында 50-60 м/сек. Қыс-күз мезгілінде толқындардың биіктігі 2-2,5 метрге дейін жетеді. Ақпан, наурыз айларында мұз қатып, қалыңдығы 0,8 метр болады. Сәуір-маусым айларында мұз ери бастайды.


 Мамыр айының соңында су температурасы +15 С болады. Акватория бойынша су минерализациясы 1,2-11,6 г/л. Су құрамы хлоридті-натрийлі және хлоридті-сульфатты-натрийлі болып келеді. Алакөл суының құрамындағы фтор мен бромның деңгейі жоғары. Фитопланктон балдырдың 58 түрінен тұрады. Көл жағалауында қамыс, жұмсақ су өсімдіктері өседі. Зоопланктон құрамы 80 түрге дейін жетеді. Алакөл суын балықтың 8 түрі мекен етеді. 


Көлге құятын өзендерде ондатра кездеседі. Баклан, аққу, бірқазан, аққұтан, үйрек, гагара т.б. құстары және ала мысық, су егеуқұйрықтары көл жағасын мекендейді. Құстар солтүстіктен оңтүстікке қарай  ұшып келеді.  Сирек кездесетін үш жүзге жуық құс түрлерінің 38 түрі Табиғат және табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі халықаралық одақтың Қызыл кітабына енген.

Тарихи деректерге сүйенсек, Алакөл маңынан Ұлы Жібек жолы керуені жүріп өткен. Алыс жолдан келген саяхатшылар жағалауда демалып, көл суынан нәр алған екен.

Алакөл суы емдік қасиетке бай. Оны заманауи медициналық зерттеулер жүргізу барысында дәлелдеген. Демалушылардың көбі Алакөлге шипа іздеп келеді. Көл суы радикулит, артрит, тері ауруларына шипа болып, адам денсаулығына жағымды әсерін тигізеді.

 

Суреттер Ғаламтор беттерінен алынды

27248 2
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 09 желтоқсан 2011, 11:02
Пікірлер
+0
07 қаңтар 2012, 00:57

gazhap

+0
11 қаңтар 2012, 23:52

Құмы алтын, дәні шекер, қаймағы бал
Елімнің Алакөл атты аймағы бар.
Күн тура көлден шыға келетіндей
Мұнда кеп шомылауға Ай да құмар. Ғ.Жандыбаев
жазғы маусымда реті келіп, жол түсіп жатса Алакөлге барып демалсаңыздар еш өкінбейсіздер.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...