Қазақстанда аязды ауа-райы сақталады

Қазақстанда аязды ауа-райы сақталады

Бейсенбі 20 желтоқсанда Қазақстанның көп бөлігінде аязды ауа-райы сақталмақ. Кейбір аймақтарда қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында жел күшейіп, оның жылдамдығы секундына 15-22 метрге жетеді. Күндіз Жамбыл облысында секундына 23-28 метр болатын жел тұрады. Қостанай, Солтүстік, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман түседі. Қарағанды облысында қатты аяз болады деп күтілуде. Алматы, Шығыс Қазақстанда да аяз болып, әсіресе түнде температура барынша төмендейді. Оңтүстік Қазақстанда да дәл осындай ауа-райы сақталады. Павлодар, Жамбыл облыстарында күндіз де, түнде де температура төмендеп, аяз барынша күшейеді деп болжанады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: kursiv.kz

Б. Қосмағамбет