Метроға - 1 жыл!

Метроға - 1 жыл!

Метроның 1 жылдығына орай қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесі ұйымдастырылды.

«Әуезов атындағы театр» метро стансысына 2 мыңға жуық адам жер асты транспортының бір жылдығына жиналды.

Мұнда еліміздің әнұраны орындалып, кейіннен шағын флэшмоб ұйымдастырылды. Метро дәлізінде жас шеберлердің ұлттық нақышта жасалған білезік, алқа, сырғалары көрмеге қойылды.

Сонымен қатар, өз сөзінде «Метрополитен» директоры Қыдыралі Бекасылов Алматы қаласы транспорттарында ортақ карточка қолданысқа енетінін және жақын арада жол жүру құны қымбаттамайтынын хабарлады.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: Ярослав Радловский, tengrinews.kz

А. Құлтай