Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / ҚазҰУ балмұздақтары "ақсүйекті" жаңғыртты

ҚазҰУ балмұздақтары "ақсүйекті" жаңғыртты

ҚазҰУ балмұздақтары

Өмірдің өзі алуан түрлі сәттерден тұрады десек, кез келгеннің ғұмырындағы ең бір тәтті кезең – студенттік шақ. Сіз осы қызығы мен шыжығы қатар жүретін студент шағыңызда «ақсүйек» ойнап көрдіңіз бе? Жоқ?! Өкінішті-ақ... Ал Алматыдағы ҚазҰУ қалашығында осы университеттің бірінші курс студенттері мұндай мүмкіндіктен мақұрым қалған жоқ. Бұлай дейтін себебіміз, биыл ғана университет табалдырығын аттаған балмұздақтар біздің ата-бабаларымыз ойнаған «ақсүйек» ойынын қайта жаңғыртты.

Қазақ Ұлттық Университетіндегі Жоғары Студенттер Кеңесі ұйымдастырған «Ақсүйек in the city» жобасы қалашықтың жаңа тұрғындарын студенттік өмірмен, қалашықтағы әр түрлі орталықтармен, студенттер үйлерімен, сондай-ақ жасөспірімдерді бір-бірімен таныстыру мақсатында өткізілді.

Ойынға әдеттегідей екі ғана топ емес, қалашықтағы әрбір студенттер үйінен он екі топ қатысты. Шарт бойынша, олар алдын ала дайындалған он төрт кедергіден өтіп, қалашықтың түкпір-түкіпірінде жасырылған он төрт «жетонды» алып келулері керек. Кім бірінші және түгел алып келеді, сол – жеңімпаз атанады.

Балмұздақтардың жеңімпаз атансақ деген мақсаттары тым ерекше.

Олар ойын талаптарын орындау үшін ештеңеден тайсалмады.

Ақсүйекшілер қалашықтың барлық аумағын аралап өтті десек, артық айтқандық емес.

Студенттер тек «ақсүйекті» іздеп қана қоймай, әрбір бұрышта берілген шығармашылық тапсырмаларды орындады.

Мәселен, ақсүйекшілер тапсырма бойынша ҚазҰУ-дың бас ғимараты алдында «Атамекен» әнін көкке шарықтатты.

Ойын талаптарын толықтай орындаған филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің студенттері жеңіс тұғырынан көрінді.

Ойын соңында жеңімпаздар марапатталып, әуезді әндер шырқалып, би кешіне ұласты.

Суреттерді түсірген және дайындаған: Айгерім Сматуллаева

5153 8
Рейтинг: +6

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 01 қазан 2012, 12:32
Пікірлер
+0
01 қазан 2012, 14:32

Ақсүйекті күндіз ойнағанның не қызығы бар екен? Айлы түнде ойынды сылтау етіп ғашық жастардың оңаша қалуының "заңды" айласы ғой.~_^ Ал күндізгісі романтикадан жұрдай спорт ойыны боп тұр-ау

+0
01 қазан 2012, 14:59

Күштііі ғой

+0
01 қазан 2012, 16:53

бірінші суреттегі жігіт ақ қой, бірақ сүйек емес екен :)

+0
05 қазан 2012, 00:29

Күштііііііііі, қызығып қалдым, жиі-жиі ойнап тұрыңдаршы...

+0
14 қазан 2013, 22:30

Балмұздақ кезіміііз, хехе)) Қай жерді іздеп, таба алмай жүрміз екен)))

+0
01 сәуір 2016, 18:09

Үш адамды таныдым))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?
Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?

Сырдарияның жағасында тұратындар білетін бір аңыз бар.

Автор: Әсел Малік
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...

Оқып шығыңыз,көңіліңізге тоқып шығыңыз!...

Бақытымды жалға беремін!
Бақытымды жалға беремін!

Өмірде өзіңді не өзгені бақытты ету үшін, не істемейсің?!

Өлім кейде мені іздей ме?
Өлім кейде мені іздей ме?

Төрт параллель темірдің арғы жағынан көкемнің бейнесі көрінеді.


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...