Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Алматы - алмалы өлке

Алматы - алмалы өлке

Алматы - алмалы өлке

Алматының бағы қандай
Алмасының дәмі балдай.
Алма дидар арулар
Қыз Жібек пен Баяндай...

Иә, Алматыдан алыс кеткен адамды қаланың қайталанбас ақ жауыны, көрген көзді ынтықтырар ару қыздары және дәмі тіл үйірер алмасы сағындыратыны ақиқат. Алматы мен алма... Егіз ұғым. Шаһардың атауының да алмаға байланысты қойылғандығын барлығымыз білеміз. Алайда, не себепті қаланың атауына осы бір жемістің арқау болғандығын біреу білсе, біреу біле бермейді.

Алматы қырғыз тілінен аударғанда «алмалы мекен» дегенді білдіреді. Бұл атау қалаға кеше ғана тағыла салған жоқ. Сонау XV ғасырларда мұнда дулаттардың «Алматы» атты қыстауы болған. Бертін келе 1867 ж. 11 сәуірінде Верный қамалының атауы аз уақытқа  Алматинск қаласы деп те өзгертілген болатын. Өйткені бағзы замандардан бері бұл өлкеде жабайы алмалардың көп түрі болған деседі.

Көп адамдар Оңтүстік астананың Алма-Ата атты атауын апорт алмасымен байланыстырады. Бұл жаңсақ пікір. Атау тікелей жабайы алмаларға байланысты берілген. Атақты академик Н.И. Вавилов 1928 жылы Кіші Алматы өзенінің аңғарындағы алма бағын көріп, жабайы алманың түрлерінің мұндай көптігін басқа ешбір жерден көрмегендігін және бұл өлкенің алма мәдениетінің отанына айналатындығын айтып кеткен екен.

Вавилов қалт айтқан жоқ! Расымен де солай болды. Жетісу жотарларында кең жайқалған жабайы алмалардың, алмұрттардың, шиелердің, өріктердің қалың тоғайларының көптігі мұнда жеміс шаруашылығының өркендеуіне қолайлы жағдай туғызды. Бұл өлкеде өсірілетін қысқы алма сорттары жер-жерге тасымалданса, алтын пармен, кандиль синап, сары бельфлер, қызыл кальвиль сынды алма сорттары Ресей базарларында жоғары сұранысқа ие болды.

Дегенмен, біздің шаруашылықтың мақтанышы - апорт еді. Аз уақыттың ішінде апорт Жетісудың нышанына айналды. Атау таққанға шебер қазақ халқы апорт алмаға «алма патшасы», «алма әкесі» деген атақ берген.

Ал апорт қазақ жеріне қайдан келді?

1895 жылы Қазақстанға Воронеж губерниясынан жер аударылған Е.В.Редько өз отанында өзге алмалардан еш айырмашылығы болмаған апорт алмасының екпе көшетін Жетісу жеріне алып келіп еккен. Олар онда тез арада бой көтеріп, жеміс салады.

Қазіргі кезде Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында апорттың Александр және қан-қызыл атты сорттары кездеседі. Халық Александр апортын «Алматы апорты» деп атап кеткен.

ХХ ғасырдың басында Верныйдағы жеміс шаруашылығы тек қана Сібірде ғана емес, Ресейдің барлық аудандарына таралып, 1900 жылы Париж қаласында өткен Бүкіләлемдік көрмеде ең жоғарғы бағаға ие болды.

Одан бері бір ғасырдан астам уақыт өтті. Бірақ, Алматының алмасы өз бағасын әлі жоғалтқан жоқ. Шаһарымызды бүкіл әлем алманың қаласы ретінде таниды, мойындайды.

Өкінішке орай, өлкемізде алма сорттарының саны және алма бақтары азайып келеді. Мамандар алма бақтары мен апорт алмасын баз-баяғы қалпына келтіру мүмкіндігі бар екендігін айтып отыр. Олай болса, сіз бен біз де қаламыздың әрқашан өз атына лайықты болып тұруын тілейік!

Бейбіт күндерде Алматының алмасын жеуден шаршамаңыздар!

Суреттер:southern-sonata.livejournal.com,zhurnal.lib.ru,mytaldyk.kz,sadoved.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

4455 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 13 қыркүйек 2012, 14:14
Пікірлер
+0
13 қыркүйек 2012, 14:01

Алматы қырғыз сөзі екенін білмеппін :roll:

+0
13 қыркүйек 2012, 15:49

Алматының апортына ештеме жетпейді ғоооо

+0
13 қыркүйек 2012, 15:57

Алматының алмасы)))

+0
03 шілде 2013, 21:22

қырғыз сөзінің не қатысы бар алматы болып аталуына? Алма атасы деген сөзден шыққан деп барлық жерде айтады емеспе. Қырғыздың сөзінен Қазақ жеріне ат берілетіндей олардың үстемдігі болдыма бізге? ол мүмкін емес

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...