Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Бурабай - Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен

Бурабай - Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен

Бурабай - Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Ақмола облысының Щучье ауданында орналасқан. Саябақтың жалпы аумағы 83 510 га, оның ішінде орман алқабы 47 361 га, жер беті сулары 8 493,5 га. Климаты шұғыл континентальды. Қаңтар айындағы орташа температура -16,70С, шілде айының орташа температурасы +18,60С.


Саябақ аумағына Үлкен және Кішкентай Шабақты, Бурабай, Шортан, Қатаркөл, Майбалық т.с.с. он төрт үлкен-кішілі көлдер кіреді. Көлге құятын Қолшақты, Қылшақты, Сарыбұлақ, Громовая, Иманай сияқты басқа да өзендер бар.

Бурабай көлі теңіз деңгейінен 319 метр биіктікте орналасқан. Көл шығанағындағы Жұмбақтас тауы Бурабай нышанына айналған. Бұл таудың келбеті бір жағынан бойжеткенді, екінші жағынан кейуананы бейнелейді. Бурабай  өлкесінің ең биік тауы Көкше теңіз деңгейінен 997 метр биіктікте орналасқан.

Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Саябақта жануарлар әлемінің 305 түрі бар. Оның 87 түрі сирек кездесетін я жойылуға жақын.


Өсімдіктердің 757 түрі кездеседі. Оның 12 түрі Қызыл Кітапқа енген. Жайқалған ағаштардың 65%-ын қарағай, 31%-ын қайың, 3%-ын көктерек, 1%-ын бұталы өсімдіктер құрайды. Тау қыраттарының үгілуі мен желдің әсерінен Бурабайда Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Бүркіт, Түйе, құдыр, Сфинкс сияқты ерекше тас мүсіндер пайда болған.

Бурабай өлкесінде қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлері орналасқан. Демалыс орындарындағы екі кісілік бір бөлмені жалға алудың орташа құны жаз айларында 10 000-15 000 теңгені құрайды. Жаз айларында балалар лагері жұмыс жасайды.

Бұл аймаққа денсаулығын түзету мен демалу мақсатымен жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай. 

Бурабай демалыс орындарында спорт кешендері орналасқан, экскурсиялық бағдарламалар жүргізіледі. Көктем айларында балық аулау маусымы басталады. Бурабай көлдері мен өзендерінде балық аулау үшін алдын ала рұқсат қағазын сатып алу керек. 

Суреттер ғаламтор беттерінен алынған.

79787 3
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 19 қаңтар 2012, 10:10
Пікірлер
+0
19 қаңтар 2012, 12:46

Керемет!!

+0
19 қаңтар 2012, 14:33

Әр төмпешіктің аңызы бар еді ғой.. Бура тауы — бір байдың ерке баласы оқты атып көремін деп, әппақ бураға атып алған, содан бура құлап, сол жерде тау боп қалған деген сияқты...:)

+0
07 ақпан 2012, 18:05

Ал, Жұмбақтас туралы мынадай әдемі аңыз бар. Өзінің тірі оралмасын білген батыр сүйгеніне "Күт! Үмітіңді үзбе. Күн батыстан шыққанда ораламын! " деген екен. Антына берік ару ғашығын әлі күтіп отыр деседі... Бір жағынан қарағанда бойжеткен, екінші жағынан кейуана боп көрінетіні содан деседі.Бір үміт, бір күдікпен тасқа айналған антына адал ару ...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...