Жайық өзені жасыл түске боялды

Жайық өзені жасыл түске боялды
Фото: tn.kz

Жайық өзені жасыл түске боялды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық". Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Табиғатты қорғау прокуратурасындағылар Жайық өзеніндегі жағдайдан құлағдар екендерін мәлімдеді. Қазір ол сұйықтықты мамандар зерттеп жатыр. "Бұл органикалық зат. Қазір біз экология департаментінің өкілдерімен бірігіп өзеннен сынама алып жатырмыз. Сынаманы өзеннің төменгі жағынан алдық, енді жоғары қарай жылжимыз", - деп хабарлады Атырау облыстық табиғатты қорғау прокурорының көмекшісі Жақсылық Сақимов.

Жайық-Каспий бассейн испекциясының су шаруашылығы басшысы Бейсен Қуановтың айтуынша, Жайық өзеніндегі бұл құбылыс судың таяздығымен байланысты болуы мүмкін.

М. Бисембаева