Қазақстандық Ақерке Ысқақова "Miss Grand Sea Universe 2015" байқауында бақ сынауда

Қазақстандық Ақерке Ысқақова "Miss Grand Sea Universe 2015" байқауында бақ сынауда
Фото: tengrinews.kz

Қазақстандық Ақерке Ысқақова Болгария мемлекетінде өтіп жатқан "Miss Grand Sea Universe 2015" байқауында бақ сынауда. Байқау маусымның 21-і күні басталып, 28-і өз мәресіне жетеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды. 

Конкурс бірнеше кезеңнен тұрады: ұлттық костюм, туған жерін таныстыру, өнерлілер конкурсы, кешкі көйлекпен шығу, спорттық жарыс, сонымен қатар көрермендер көзайымы. 

24 жасар Ақерке Ысқақова Қазақстан-Америка университетін радиотехника және телекоммуникация мамандығы бойынша бітірген. Сән әлемінде жүргеніне шамамен 10 жыл болған. Ақерке туған қаласы Алматыда қайырымдылық орталығын ұйымдастыруды армандайды. 

Ж. Исакаев