Алтай фестивалінде Джип көліктері туралы ертегі пайда болды

Алтай фестивалінде Джип көліктері туралы ертегі пайда болды

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласының маңында 1-ші халықаралық "Алтай.kz-2012" жолсызда жүруге арналған көліктер фестивалі өтіп жатыр...

Фестивальдің кезекті күні Риддерден 50 шақырым шалғай орналасқан Ивановск көліне жол тартумен басталды. Бір сағатқа жуық уақытты алған ауыр жол 25 Джип көлігінің біразын қара батпаққа батырып та тастады. Алайда, жігіттер жағы көліктерді ары қарай жүргізіп кете алды. 

Содан аман-есен жетіп алған соң, ерік-жігерлері күшті жігіттер көлге шомып кетті. Қалғандары болса, табиғаттың төл туындысын суретке түсіріп, өздеріне ермек табуға тырысты. Мәселен, мына бір кісілер балық аулауға қызу кірісіп кетті. 

Лагерьге қайтып оралған соң, ішіміздегі ең белсенді адамдар жарыс түрлерін өткізді. Бұл жарыста үлкендер өнер көрсетіп, кішкентайлар жағы таңғалып, қошеметтеп отырумен болды. Бірақ, көп ұзамай кішкентайлар жағы да үлкендерді бір қызыққа батырды. Олар Джип көліктеріне қатысты әртүрлі шытырмен ертегілер құрастырып бақты. Мысалы, егде тартқан бір кәрі кемпір ойнап жүрген балалардың бүкіл көліктерін жинап алады. Содан кеш түскен соң, әлгі көліктердің біріне мініп, тауды аралап шығады...

Сонымен қатар фестивальға арнайы ат басын бұрған Чехиядан келген қонақтар қазақстандықтардың қонақжайлылығына таң-тамаша қалды. Себебі, фестивалдың өтетінін бір күн бұрын ғана білген чехиялықтар фестивальды ұйымдастырушыларға өз тілек-армандарын айтқан. Ал қазақстандықтар болса бірден қуана-қуана келісе кеткен.

Сонымен қатар Чехиядан келген қонақтар Қазақстан елі турасындағы өз ойларымен бөлісті. Олар бұған дейін Қазақстанды Ресейдің құрамындағы кішкентай мемлекеттердің бірі деп келген екен. Оған себеп Қазақстаннан барған бір кісі сөйтіп түсіндіріпті. 

Бұл кеште махаббатын тауып жатқандар да аз болмады. 

Ең аяғы табиғаттың аясында, ымырт жабыла тамаша концерт өтті. Сахнаға шыққан рок-топтары, тағысын тағы басқа әнші, әртістер кештің ажар мен сәнін кіргізе түсті.

Фестивальден арнайы Massaget.kz үшін: Ғани Тұрғымбеков

Сурет: Ғани Тұрғымбеков ©

Л. Лига