Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Қазақтың бойтұмары - Отырар

Қазақтың бойтұмары - Отырар

Қазақтың бойтұмары - Отырар

Отырар – аты аңызға айналған ортағасырлық қала орны, ұлылар дүниеге келген қасиетті мекен. Ол тарихта Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб деп те аталып келген. Ежелгі қала Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар ауданынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырардан шыққан жол Таразға, Баласағұнға, Шығыс Түркістанға апарады. Одан ары Сырдария арқылы жүріп, ежелгі Шашқа, Соғдыға және Мерв пен Нишапурға, Арал жағалауы мен Жайыққа жеткізеді. Батыста Қызылқұм арқылы Хорезмге, одан әрі Еділ бойына, Қара теңіз жағалауы мен Кавказға апарады.

Белгілі ортағасырлық географ Якут: «Сейхунның (Сырдарияның) сыртындағы Турарбанд... Шаштың Мауереннахрға шектесетін ең қашықтағы қаласы. Халық оны әртүрлі атайды, Тұрар және Отырар дейді», - деп жазған.

Арабтардың Орта Азия мен Қазақстанның Оңтүстігін жаулап алуын сипатайтын мәліметтерде Отырар – Фараб осы аттас аймақтың астанасы ретінде аталады.

ХI-Х ғасырларда Сырдариядағы этникалық араласулармен сипатталады. Оғыздар мен қарлұқтар қаңлылардың бір тобын ығыстырып шығарды. Ибн Хордабектің: «Фараб қаласында мұсылмандар мен қарлұқ түркілерінің отрядтары қатар тұрды», - деп жазуы кездейсоқтық емес.

Х ғасырдың басында оғыздар Сырдарияның орта ағысын, Арыс жазығы мен Қаратау бөктерін иеленді. Оларға Сауран, Сүткент, Арсубаникент, Қарашық және Фараб қалалары бағынды.

IХ-ХII ғасырлар Қазақстанның оңтүстігінде қалалық өмірдің өркендеу кезеңі болды. Жаңа қалалар пайда болып, ескілері ұлғая түсті. Қалалардың көлемі сауды-қолөнершілік қоныстар – рабадтардың есебінен ұлғайды.

Қаланың өсіп-өркендеуі мен гүлденуіне моңғол шапқыншылығының зияны орасан зор тиді. Қала күл-талқан болып қиратылды, тұрғындарының біршама бөлігі басы ауған жаққа кете барды, біршамасы сол арада қырылып қалды, енді біршамасы құлдыққа әкетілді. Моңғолдардың атты әскері бүкіл Қазақстан аумағында қирату мен апатттың қайғылы толқыны болып өтті. Дегенмен де Отырар қайта көтерілді.

ХIII ғасырдың ортасына қарай Отырар ірі сауда орталығына айналды. Қала шақа соғу орталығы ретінде танылып, оның теңгелері Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігіне кең тарады. ХIII-XIV ғасырларда қалада ірі қоғамдық ғимарттардың құрылысы жүргізілді. Ерден ханның тұсында мұнда медресе, мешіт тұрғызылды.

Отырардағы қазба жұмыстардың нәтижесінде табылған материалдар қаланың XVI-XVIII ғасырлардағы өмірінен нақты мағлұматтар береді.

Қаланың негізгі құрылыс бөлігі квартал болып табылады. Бұл шағын көшенің екі немесе бір жағына топтастырылған үйлер кешені. Кейбір кварталдардың қолөнершілік бағыты анықталды. Отырардың шығыс бөлігіндегі квартал көзешілерге тиісті болған. Ал Дарбаза-и-Суфи қақпаларына ұқсас етіп жасалған Отырардың батыс қақпаларына жақын орналасқан кварталда наубайшылар тұрған.

Кейінгі ортағасырлық Отырарды қазу барысында көптеген қыш, металл бұйымдар, шақалар мен әшекейлік заттар, тастан жасалған ұсақ-түйектер жиналды.

Табылған нумизматикалық заттар Отырардың XV ғасырдың орта тұсы мен XVII ғасырдың бірінші жартысында, Қазақ хандығы тұсында жоғары өрлегенін танытады.

Қала жоңғар шапқыншылығы барысында зардап шегіп, XVIII ғасырдың ортасында біржолата қаңырап бос қалды. Мемлекетте адам сияқты, туады, өседі, дамиды, өледі. Қойнауы тарих пен аңызға тұнып тұрған ордалы Отырар да осылайша  өмір сүруін тоқтатты.

Суреттер: turinfo.ru, visitkazakhstan.nur.kz, char-off.livejournal.com, southkazakhstan.com, daniart.ru, silkroadadventures.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

11430 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 02 шілде 2012, 14:48
Пікірлер
+0
02 шілде 2012, 14:38

Отырардағы археологиялық зерттеу жұмыстары талай дүниенің жанданып, жаңғыруына түрткі болған-ды. Сазсырнай, үскірік аспаптары да сол жақтан табылып, қолданысқа енгізілген еді.

+0
02 шілде 2012, 15:50

Туған өлкем, киелі Отырардың,
Біраз бопты баспадым топырағын.
Сағынғанда Мұхтарша өлең оқып,
Шәмші әнімен ыңылдап отырамын...

+0
02 шілде 2012, 16:08

Қандай керемет!!!

+0
02 шілде 2012, 16:42

туған жерге сағыныш...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...