Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Ауылға кетіп бара жатырсыз ба?

Ауылға кетіп бара жатырсыз ба?

Ауылға кетіп бара жатырсыз ба?

Көптен күткен жазғы демалыс та келіп жетті.  Біріміз ауыл-аймақпен бір көрісіп қайтқалы жүрсек, біріміз еңбек демалысын шипайжаларда өткізуге ниеттеніп жүрген шығармыз. 

Осы орайда пойыздардағы қауіпсіздік ережелері мен пайдалы деп тапқан бірер ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз.

- Керекті заттарыңызды тыңғылықты, мұқият түрде жинастырып, қажетті құжаттарыңызды алған соң үйдегі электр құрылғыларын өшіріп, су құбыларының сөндірулі тұрғандығына көз жеткізуді ұмытпаңыз.

- Купеге кірген сәттен бастап жолауышалармен танысып, тіл табыса берген жақсы. Ұзақ жолды қысқартып, әңгіме дүкен құрылмаса төрт қабырғаға сыймасыңыз анық.

- Сөмкелеріңізді орындықтың астына салып, оларға көзіңіздің қиығын салып жүріңіз. Көпшілік жерде ұрылардың көп болатындығы белгілі.

- Темір жол транспорттары ең қауіпсіз көліктердің бірі болып есептеледі. Яғни, апаттардың орын алу ықтималдылығы өте төмен. Дегенмен әр адам кез келген жағдайға дайын болғаны дұрыс.  

Пойыз кілт тоқтап, тежелгенде ең бастысы - орнықтылық. Сондықтан мүмкіндігінше жолсеріктен арнайы белбеу сұрап алып ұйықтаған жөн.

- Купедегі ең қауіпсіз орын - төменгі орындар.

- Вагонда өрт басталған жағдайда қолыңызға құжаттарыңыз бен ең маңызды нәрселеріңізді ғана алып, сыртқа шығу керек. Есіктің алды тығындалып жатса,  әдетте 3, 6-купелерде орналасқан қосалқы шығу есіктерін пайдалануға болады.

Жолаушыларға арналған жалпы кеңестер: 

1. Көршілермен, жолсеріктермен сыпайы қарым-қатынаста болыңыз. Қоғамдық көліктердегі жол жүру ережелерін сақтауға тырысыңыз.

2. Қажеттілік тумаса стоп-кранға жақындамаңыз.

3. Терезелерден басыңызды, қолыңызды шығарып ойнамаңыз.

4. Сыртқы есіктерді ашпаңыз.

5. Пойыз жүріп бара жатқанда есіктің алдында тұрмаңыз.

6. Аялдамаларда пойыздан қатты алыстап кетпеңіз.

7. Тұрған пойыздың астынан өтпеңіз. Ол ойда жоқта қозғалып кетуі мүмкін.

Темір жолды кесіп өткенде ерекше абай болыңыз:

– Жол бойымен келе жатқан пойыздың жоқтығына көз жеткізіңіз;

Платформаға 2 метрден артық жақындамаңыз. Жүйіткіген пойыздың әсерінен пайда болған ауа құйыны өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін.

– Вокзал аймағында түрлі сымдар көп болады. Оларды ұстамаңыз. Ылғал ауа-райында тіпті абай болыңыз.

Демалысыңыз сәтті өтсін!


Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: hamburg-web.de

1540 8
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 09 маусым 2012, 15:37
Пікірлер
+0
09 маусым 2012, 18:21

алғаш рет поездқа отырғалы жатқан адамға арналған кеңестер екен.

+0
09 маусым 2012, 19:57

Poezdben buirsa ketkeli jatirmin, odan kein kawan minem kudai bilet)

+0
10 маусым 2012, 10:46

Бұлардың бәрін білемізғо, сонда да рахмет :)

+0
11 маусым 2012, 09:02

3. Терезелерден басыңызды, қолыңызды шығарып ойнамаңыз.)) Кеңестерге рақмет!

+0
11 маусым 2012, 09:41

баяғыда темір жолы жоқ бір ауылдың жігіті әскерге кетпек болады. Вокзалда(қаланың вокзалынан кетеді ғой) шығарып салып тұрған достарынан "Пойыздың шопыршысы қай жерде отырады?" деп сұрапты."Оны не қыласың?" десе"
дәрет қысса тоқтатпаймын ба" деген екен

+0
11 маусым 2012, 21:50

:lol:

+0
11 маусым 2012, 21:42

:lol: :lol: хыхы күлкілі

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...