Алматылықтарда адамгершілік бар ма? Әлеуметтік эксперимент!

Алматылықтарда адамгершілік бар ма? Әлеуметтік эксперимент!

Қала үлкейген сайын ондағы тұрғындардың адамгершілігі жоғалып барады дейді. Жеке басының ойларына батып жүрген адамдар жылдам өріс алып жатқан өмірде тіршілік етеді. Әрқашан асығыстықпен белгілі бір жерге қарбалас бара жатып, қасымыздағы жағдайы күрт нашарлаған адамға мән бермей де өтіп кете береміз.

Жуырда Ресей мен Америка көшелерінде өткізілген эксперименттің нәтижесі америкалықтар адамгершіліктен кенде болмағанын көрсетіп берді. АҚШ-та жағдай нашарлаған адамға бірде-бір жүргінші теріс қарап кетпеген. Ал Ресейде эксперимент үш күн жүргізілді. Әлеуметтік эксперимент барысында адамдардың тек 10 пайызы ғана көмек көрсетуге барды.

"Адамға көмек керек /Russia vs. USA Experiment" видеоролигі бірнеше күн ішінде 5 миллионнан астам көрілім жинап, қоғамдық пікір тудырды. 

Осыған ұқсас әлеуметтік эксперимент енді алматылық тұрғындардың адамгершілігінің қаншалықты бар екенін білу мақсатында, оңтүстік астанада да өткізілді. Эксперимент барысында жаяу жүргіншінің бірден жүрегі ұстап, ауыра бастайды. Сосын оған көмектескісі келгендерден таксиге ақшада сұрап та көреді. Нәтиже қанағаттанарлық. Халықтың көмекке зәру адамға ұмтылғанына қарап, адамгершіліктің бар екеніне қуанасың.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев 

Сурет: wikihow.com

Ж. Өрісбай