Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Семей - Ертіс бойында орналасқан әсем қала

Семей - Ертіс бойында орналасқан әсем қала

Семей - Ертіс бойында орналасқан әсем қала

Семей – Шығыс Қазақстан аймағының ең ірі қаласы. Ертіс өзенінің бойында орналасқан әсем қала.

1718 жылы әскери бекініс тұрғызылған кезде қала негізі салынды. Алайда, Ертіс суының жырғадан асып ағылуына байланысты 1778 жылы бекініс өзеннен 18 шақырым қашықтықта орналасқан жерге көшірілді. 2008 жылы Семей қаласы өзінің 290 жылдық мерейтойын атап өтті. Қала аумағы 210 шаршы шақырымды құрайды.

Семей қаласы - Түрксіб темір жол магистралінің бойында орналасқан ірі жол торабы. Ірі жол торабы Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймағын Ресей елімен байланыстырады. Сондай-ақ, Семейде өзен порты жұмыс істейді. Ал қала аэродромында әскери авиация тұрақтанған.

Қала орналасқан жердің қыртысы жазық дала, табиғаты таңғажайып. Жазық дала ауасы таза әрі шипалы. Ертіс өзенінде орналасқан артезиан ұңғымаларындағы таза су бүкіл қаланы таза сумен қамтамасыз етеді. Семей қаласынан 19 шақырым қашықтықта орналасқан қылқан жапырақты орман аясында таза су бұлағы бар. Жергілікті халық бұлақ суының емдік қасиеті бар деседі.


1945 жылдан бастап Семей жерінде ядролық сынақтар жүргізіле басталды. 40 жыл жүргізілген сынақтар жергілікті халық денсаулығы мен өңір табиғатына кері әсерін тигізді. Ядролық сынақтар 1991 жылы 29 тамызында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бұйрығымен тоқталды. Бұл күнде полигон жабық. Алайда, зиянды сынақтар өткен жерге алыс-жақын шетелдерден туристер көптеп ағылады. 2001 жылы 29 тамызында Семей қаласындағы «Полковничий» аралында Семей ядролық полигон құрбандарына арналған үлкен ескерткіш қойылды. «Өлімнен де күшті» мемориал жобасының авторы – Шота Уәлиханов.

Бүгінгі Семей қаласы инфрақұрылымы дамыған, кең алқапты саябақтар мен көрікті мекендерге бай еліміздің тарихи және мәдени орталықтарының бірі. Қалада Қазақстан Республикасының байырғы өлкетану мұражайы, Абай мен Ф.М. Достоевский мұражайлары, Невзоровтар әулетінің бейнелеу өнері мұражайы, Ф.М. Достоевский атындағы орыс драма театры және Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры т.с.с 36 мәдениет мекемесі орналасқан.


Ертіс өзені арқылы өтетін Семейдегі аспалы көпір қала мақтанышына айналған. Аспалы көпір 2000 жылдың 17 қазанында ашылды. Күн сайын көпір арқылы мыңдаған көлік қаланың екі жақ бөлігіне қатынайды.

Суреттер: visitkazakhstan.kz, akimsemey.gov.kz

18250 17
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 26 наурыз 2012, 14:00
Пікірлер
+0
26 наурыз 2012, 16:34

күшти жер го Семей

+0
26 наурыз 2012, 17:21

cемей семей аитарга сөз жоқ

+0
26 наурыз 2012, 17:28

қазіргі спортсмендерден Смақов пен Атырау воллейбол клубындағы Нариман Сүлейменовтар ұнайды! Жұмыста да семейліктер жасайды, бірінен бірі өткен сыпайы қыз-жігіттер ))) Соған қарағанда жақсы жер сияқты ))) А так, өзім барып көрмедім!

-1
26 наурыз 2012, 19:06

қыздары да, жігіттері де әсем және әддддемі. Барып көру керек көрмегендерге ;)

+0
26 наурыз 2012, 23:13

иә, Семей жаққа барып қайтқым келеді-ақ, бірақ ешкім шақырмай жатыр ))))

+0
27 наурыз 2012, 08:45

Ет бермейміз дей ме?! :lol:

+0
27 наурыз 2012, 02:05

Ең алғашқы Прометей алауы Түркістаннан осы жерге келген дейді. Топырағы асыл жер ғой....

+0
27 наурыз 2012, 02:28

Ахау Семей....кіндік қаным тамған жер....кеше ғана сол жақтан оралдым....Семейді қалпына келтіріп, дамытуға бір емес, екі әкім керек сияқты...жүрегім ауырып келді.......

+0
27 наурыз 2012, 07:49

Иә, жақсы қалааааааааааааа :D

+0
27 наурыз 2012, 08:46

Кеше осы қаланы су басып жатыр деген жаңалықтарды естіп, жаман болдым :shock:

+0
27 наурыз 2012, 09:14

Менің қалам ғой :)

+0
27 наурыз 2012, 10:07

Семейдің бұрынғы атауы Семипалатинск - жеті палата дегенді білдірген. Жеті палата - қалмақтардың буддаға табынатын храмдары болған. Кейінгі жоңғарлар мен қазақардың соғыстарынан кейін олардың көбі қирап, тек негіздері қалған. Орыс зерттеушілері жеті храмды анықтап, Семь палат деген атау берген. Бертін келе атын қазақиландырып Семей деп ауыстырды.

+0
27 наурыз 2012, 12:57

Осы Семей деген сөзді жергілікті қазақтар орыстың Семипалатинск деген сөзінен алынды дегенге қимайды.
Оған себеп те жоқ емес.

Шаһарға 20-30 шақырымдай жерде Семейтау деген тау жотасы тұр. Бұл атаудың қай кезеңде қалыптасқанын ешкім тап басып айта алмайды. Әйтседе көшпенді өмір салты бар қазақ жерге ат қоймай жүре алмайтыны тағы белгілі. Соған қарағанда байырдан келе жатса керек.

Зады, "Семей" деген сөз көне түркінің сөзі деушілер бар. Қазіргі қазақ тілінде "семей" деген сөз бір ғана ұғымды беріп, бір-ақ рет кездеседі. Мәселен шәйдің бетіне қалқып шыққан саманы қазақ "шәйдің семейі" деп де атайды. Ал, жаңағы тау жотасы шөлейтті жазық далада жалғыз тұр. Алыстан мұнартып көз тартады. Яғни, осы мағынаға дәл келеді. Осыған қарағанда қаланың атауы таудың атауына сәйкестіріліп қойылса керек-ті.

Ал, шаһар іргетасы ресми түрде 1718 жылы қаланды делінеді. Қазақстанның көне қалаларының бірі. Дәл осы жылы зеңбірегін сүйретіп жеткен орыс әскерлері Ертіс жағасындағы бір мойнаққа Семь палат деген атау беріп бекет тұрғызған екен. Бұл факт.

Дегенмен Семейдің орнында одан бұрын да қала болған. Мұны тіпті орыс зерттеушілері де мойындап отыр. Жоңғарлардың Доржинкит (қалмақ тілінде Цорджийнкийд)қаласы орта ғасырларда гүлденіп дамыса керек. Орыс жылнамаларында 1616 жылы Ертістің дәл осы сағасында қалмақтардың кенті орын тепкені жәнеде Будда ғибадатханасы бар екендігі жайлы айтылады. Бұл храм қазақ-қалмақ соғысы тұсында талқандалған деген жорамал бар. Г.Ф. Миллер осы Будда ғибадатханасының жеті бірдей шатырының қалдығын тапқан зерттеуші. Семь палат атауы осыдан келіп шыққан деседі білетіндер.

+0
27 наурыз 2012, 13:08

Мәліметіңе көп-көп рахмет, Данияр! :)

+0
07 сәуір 2012, 01:23

Жеті шатыр дейтін негізі бұрындары! "Семей" деген "Семипалатинсктің" өзгеріске ұшыраған түрі!

+0
28 наурыз 2012, 21:41

Туған қалам Семейім! :ugeek:

+0
03 сәуір 2012, 22:36

Қайрат Семейден)) Сондықтан мен Семейді жақсы көрем))))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...