Алматы автобустары алқымнан алынбақ

Алматы автобустары алқымнан алынбақ

Алматы қаласының автобус жүргізушілерінің үстінен шағым түсіруге арналған www.transport-almaty.kz атты портал ашылды.

Бұл сайттан Алматы қаласының жолаушы транспорттары жайлы бірқатар ақпаратты алуға болады. Мәселен, жүріс бағыттарының тізімі, қатынау ережесі, автобус парктері басқарушыларының байланыс телефондары және т.б. ақпараттарды сайттан біле аласыз.

Бұдан басқа, портал қолданушысы жол ережесін бұзу куәгері болса және оны фото немесе видео дерек етіп сайттың арнайы бөлімдеріне жолдай алады. Әрқандай хабарламалар қарастырылған соң өз жауабын алып, тиісті шаралар атқарылатын болады.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: nur.kz

А. Құлтай