Астанада жаппай жаттығу акциясы басталды

Астанада жаппай жаттығу акциясы басталды

Астанада кеше, яғни, 3 мамыр күні «Өмір нәрінен қуаттан!» акциясы басталды. Бұл туралы Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетелік, акция бұл жылы үшінші рет өткізілді. Шараға 1000-ға жуық адам қатысты.

2011 жылы акция 6500 адам жинаса, 2012 жылы қатысушылардың саны 9700 адамға жетті.

«Биылғы жылы жаппай жаттығу жасау әр жұма күні 19.00-ден 20.00-ге дейін өтеді. Маусым 20 аптадан тұрады –  3 мамырдан 13 қыркүйекке дейін»,- деді қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының өкілдері.

"Елорда тұрғындары үшін қызметтік жаттығу тек қана салауатты өмір салтын қалыптастыру ғана емес,  достарымен, отбасымен бірге еркін тыныстап, таза ауада демалу болып табылады. Сонымен қатар, жаттығу кезінде ұйымдастырушылар спорттық лотереялар мен ойындар өткізеді. Тренингтің музыкалық сүйемелдеуінің де өзіндік ерекшелігі бар. Оны «World Class» фитнес-орталығының мамандары жүргізеді.

Жаппай жаттығу – бұл әлемге кеңінен тараған спорттық дәстүр. Ол АҚШ-та, Еуроодақ елдері мен Қытайда жаппай қолданылады", - делінген таратылған ақпаратта.

Акцияны ұйымдастырушылар Астана қаласының әкімдігі мен қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы мен Спорттың ұлттық түрлері мен жаппай дене тәрбиесі клубы.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: astana.kz

Massaget