Астанада «AstanaInvest 2013»IV Халықаралық инвестициялық форумы өтеді

Астанада «AstanaInvest 2013»IV Халықаралық инвестициялық форумы өтеді

2013 жылдың 24 мамырында Тәуелсіздік сарайында «AstanaInvest 2013»IV Халықаралық инвестициялық форумы өтеді. Іс-шара дәстүрлі Астана экономикалық форумы бірыңғай алаңында өткізіледі. Бұл туралы Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"AstanaInvest" - Астана қаласына  инвестиция тартуды мақсат тұтқан, сондай-ақ, Астананың брендін көтермелеу үшін халықаралық және іскерлік ынтымақтастық орнатуға бағытталған ірі бизнес-іс-шара", - делінген таратылған ақпаратта.

Форумның тақырыбы: «Астананың әлемдегі инвестициялық имиджі», «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік инвестиция тарту кепілі» және «Астана –  «EXPO – 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізетін орын».

«AstanaInvest 2013» форумын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметов, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының  Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов және Санкт-Петербург губернаторы Георгий Полтавченко ашады деп жоспарлануда.

Форум бағдарламасында World Organization of Creditors президенті  Роберт Абдуллиннің, ТМД бойынша «Ernst&Young» компаниясының басқарушы серіктесі Карл Джоханссонның, Price water house Coopers серіктесі Хазем Галяльдің, ««EXPO – 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін әзірлеу және өткізу жөніндегі дирекция» директоры Қаһарман Жазинның, «Астана ЭКСПО – 2017» ҰК басқарма төрағасы Талғат Ермегияевтың және басқалардың сөз сөйлейді деп те күтілуде.

Форум бағдарламасында Астана экономикасына инвестиция тарту  бойынша жалпы мәжілістер мен «дөңгелек үстелдер» өткізіліп, онда аталған мәселелер талқыланатын болады.  

Сонымен қатар Форум қонақтарына Бірыңғай индустриалды-инновациялық көрмелер аясында елорданың инвестжобаларымен танысудың бірегей мүмкіндігі туады.  

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: astana-photo.ucoz.kz

Massaget