Нұр-Сұлтан атауы өзгерген алғашқы қала емес

Нұр-Сұлтан атауы өзгерген алғашқы қала емес
Фото: Almaty.tv

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 20 наурыз күнгі ант беру салтанатты шарасында еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасы –  Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа, Қазақ еліне сіңірген еңбегін бағалау керектігін айта келе, Астана қаласын Нұр-Сұлтан қаласы деп атауды ұсынған еді. Осыған орай 23 наурыз күні "Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталсын. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі" деген құжатқа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Тарихты парақтап қарайтын болсақ, атауы өзгерген астаналар да, бірнеше ірі қалалар да аз болмаған. Назарларыңызға солардың бірнешеуін ұсынамыз.

©taekwondo2000.ru

Ленинград – Санкт-Петербург

КСРО әлем картасынан біржола өшкеннен кейін оның мұрасы мен атағын еске салатын бірнеше қала атаулары өзгертіле бастады. Соның бірі Ленинград қаласы мен облысы болатын.

60-жылдардағы Ленинград қаласы. ©pikabu.ru

Алғашында Ленинград қаласы мен облысын Санкт-Петербург деп өзгерту бойынша өткізілген референдумда көпшілік қолдаған болса да, екінші кезеңде облыс атауын өзгертуге қарсылық көрсетілді. Халық екі атауды да қолдап ереуілге шықты. Олар: "Мен Санкт-Петербург үшін соғыспадым! Санкт-Петербург шайқасы болған жоқ. Ақымақ атау үшін 140 миллионды кім төлейді?!" сынды ұрандармен көшеге шықты.

Осы себептерге байланысты екі атауды да сақтап қалуды ұйғарып, облыс орталығын Санкт-Петербург ал, облыстың өзі Ленинград деп аталды.

Душанбе, 2019 жыл. ©101hotels.ru

Сталинабад және Ленинабад Тәжікстанның бас қалалары еді

Душанбе қаласы 1929-61 жылдар аралығында яғни 32 жыл бойы Сталинабад деп аталғанын бірі білсе, бірі білмейді. Ал елдің екінші қаласы Ленинабад б.з.д IV-VI ғасырларда негізі қаланған, оны Александр Македонский жаулап алғаннан кейін дамытып Александрия Эсхата деп атап кеткенін де көпшілік біле бермейді.

Сталинабад, 1955 жыл. ©transphoto.ru

Бірақ тәуелсіздіктен кейін бұл атаулардың барлығы адыра қалып, қала Худжанд (Ходжент) деген атау алды.

Екатеринбург. ©ngzt.ru

Свердловсктен Екатеринбургке дейін

Бұл қаланың негізі 1723 жылы қаланған. 1924 жылға дейін Ресей тарихында өшпес із қалдырған император Екатерина құрметіне Екатеринбург деп аталды.

Свердловск өткен ғасырдың 80-жылдары. ©eka-prazdnik.ru

Биліккке "қызылдар" келгеннен кейін қала 67 жыл бойы атақты большевик Яков Свердлов құрметіне Свердловск деп аталды. 1991 жылы ғана Свердловск Екатеринбургке айналды.

©Inter-volgograd.ru

Сталинград – Волгоград

1589 жылы іргесі қаланған бұл қала 1925 жылға дейін Царицин деп аталды. Сосын оны жеке басқа табынудың ең жарқын үлгісі ретінде Сталинград деп өзгертті.

Сталинград 1950 жыл. ©pikabu.ru

Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде осы қала үшін Гитлер мен Сталин таласты. Әрбір қарыс жері үшін қан төгілді. Бұл жердегі майдандағы әскерлердің орташа өмір сүру жасы 2-ақ сағат болған. 1961 жылы жеке басқа табыну қатты сынала бастаған уақытта Сталинград Волгаград деп өзгертілді.

©Varlamov.ru

Кенигсбергтен Калининградқа дейін

Екінші Дүниежүзілік соғыс нәтижесінде КСРО Кенигсберг қаласын өзіне қосып алды. Қаланы меншіктеу үшін оның атын өзгерту керек болды. 1946 жылы шұғыл түрде қаланың атауын өзгерту мақсатында, сол жылы қайтыс болған КСРО "ақсақалы" Калинин құрметіне Кенигсбергті Калининград деп атады.

Кенигсберг 1930 жыл. ©Varlamov.ru

Бірақ Михаил Иванович Калининнің бұл қалаға ешқандай да қатысы болмаған.

©Knews.kg

Пішпек – Фрунзе – Бішкек

Қырғызстан астанасы алғашқыда Пішпек деп аталған екен.

Фрунзе қаласы өткен ғасырдың 70-жылдары. ©foto.kg

1926 жылы оны Фрунзе деп өзгерткен. 1991 жылы тәуелсіздіктен кейін ел астанасы Бішкек деген атау алды.

©onceuponatwilight.com

Нью-Амстердамнан Нью-Йоркқа дейін

Әлемнің ірі қаласының бірі, бизнес пен қаржы орталығы Нью-Йорк 1664 жылға дейін Нью-Амстердам деп аталған. Себебі бұл аймақта голландиялықтар өз үстемдігін жүргізетін. Бірақ уақыт өте олар өз үстемдігін ағылшындарға беріп қойды. Сондықтан қала атауы Англияның Йорк қаласына ұқсас болсын деп Нью-Йорк деп өзгертілді.

Нью-Амстердам қаласы. ©Wikipedia

Айта кететін болсақ, Ыстамбул бұрын Константинополь деп аталғанын бәріміз білеміз. Бірақ Париж – Лютеция, Токио – Эдо (1868 жылға дейін), Бейжің – Пейпинг, Осло – Кристиания, Копенгаген – Гавнь, Оттава – Байтаун, Киншаса – Леопольдвиль, Хельсинки – Гельсингфорс болғанын көпшілігіміз біле бермейміз.

Т. Раушанұлы