Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Шетелде демалғым келеді

Шетелде демалғым келеді

Шетелде демалғым келеді

Демалыс маусымы келісімен әр адамды осы жазда қайда барамын деген сұрақ мазалайды. Дәл осы сауал төңірегінде Әлемтану айдары Қазақстандағы танымал демалыс орындары туралы қысқаша мәлімет беріп өткен болатын. Бірақ сөздің шыны керек, жерлестеріміздің дені өзге елдерге барғанды жөн көреді. Бұл біріншіден, жаңа жер көруге деген құмарлық болса, екіншіден отандық демалыс орындардың сапасы сыныққа сылтау болып отыр.

Ал сіздің шет елде демалғыңыз келеді ме? Иә!? Олай болса, Қазақстандық туроператорлардың кеңестеріне жүгіне отырып, жерлестерімізге демалыс уақытын өткізуге мүмкіндік берілген шетелдер туралы әңгімелейтін боламыз.

Биылғы жылы отандық туроператорларымыз сіз бен бізді айтарлықтай таңқалдыра қоймады. Олар биыл да қазақстандықтардың сүйікті демалыс орындарына айналып үлгерген: Түркия, Хорватия, Болгария және Украина, Грузия мемлекеттерін ұсынады.

Бір сәт көз алдыңызға елестетіңізші! Жалқаулықтың патшалығы, жұмыссыздық, ертеден қара кешке дейін жалғасатын жағалаудағы өмір, аяқты аспанға көтеріп жату, шат-шадыман думан және асқазаныңыз үшін қайталанбас мереке... Аталған елдердегі демалыс сіздерге осындай рахат өмірді тарту ете алады.

Қарапайым экосаяхатшылар үшін биылғы жылдың жаңалығы болған демалыс мекені – Балтық жағалауы болмақ. Балтық жағалауындағы қайталанбас демалыс сіздің денсаулығыңыз үшін өте пайдалы. Қарағайлы орманның жұпар иісі қосылған емдік қасиеті бар теңіз ауасы тыныс алу жолдары мен жүйке ауруларына таптырмас дауа болады. Жағалаудағы көптеген жағажайлар мен мейрамханалар, көрінісі көз тартар ғимараттар, ескі қорғандар... Дәл осы көрініс жылы сайын миллиондаған саяхатшыларды өзіне еріксіз баурап келеді.


Еуропада демалыс өткізу бағасы былтырғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай көтерілмеген. Келісімді әрі ыңғайлы. 2012 жылы  жерлестеріміздің басым бөлігінің сұранысы Грекияға түсіп отыр. Қазіргі таңда Грекияда дағдарыс болып жатқандықтан, ондағы қонақ үйлердің бағасы өте қолайлы болып тұрған көрінеді.

Аталған елде мәңгі естен кетпес демалыс өткізу үшін барлық жағдай жасалған - жанға жайлы қонақ үйлер, көк теңіз, әсем жағажайлар мен тарихқа тұнып тұрған ғажайып ескерткіштер. Ең бастысы сіз әлем тарихының бастауы саналатын дүниелерге қол тигізіп, мыңға жуық жасы бар көне қалалардың куәгері атана аласыз.

Ал демалысыңызды атақты Ыстықкөлде өткізуге бел бусаңыз, біздің туроператорларымыз Ыстықкөлдің кіршіксіз оңтүстік жағалауына ат басын бұруға кеңес береді. Қырғызстанның солтүстік-шығысында орналасқан әлемнің үлкен таулы өзендерінің бірі - Ыстықкөлде ендігісі болып үлгерген шығарсыз? Суы шипалы, бар әсемдікті бойын жинаған  көлде қалағаныңызша шомылып, армансыз қыздырынумен қатар, қайықпен және катамаранмен серуендеп, бильярд ойнап, кешқұрым киноға, мейрамханаға, би кештеріне баруға болады.

Мамандар биылғы жылы Солтүстік Африка сынды мемлекеттерге жасалатын экзотикалық сапарлардан өзіңізді тыйғаныңыз жөн деп кеңес беріп отыр. Олардың айтуынша, ойыңыздағыдай демаысты өткізуде сенімді әрі жауапты туркомпанияны таңдаудың маңызы зор.

Суреттер: epizodi.ru, liveinternet.ru, gidepark.ru, 100dorog.ru, meridian-v.ru, alyans-tour.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

1023 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 20 маусым 2012, 18:07
Пікірлер
+0
20 маусым 2012, 16:11

Әйерім, не деген көркем сөздер)

+0
20 маусым 2012, 19:39

мен арандаған мекендерғой... эх

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...