Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Анхель - әлемдегі ең биік сарқырама

Анхель - әлемдегі ең биік сарқырама

Анхель - әлемдегі ең биік сарқырама

Әлемдегі ең биік Анхель сарқырамасы - Венесуэланың тропикалық ормандарында, Канайма ұлттық саябағында орналасқан. Қайталанбас табиғат кереметінің биіктігі - 1000 метрге жуық, ал судың үздіксіз түсу биіктігі - 800 метр.

Анхель өз бастауын Карраоның бір тармағы саналатын Чурун өзенінен алады. Судың құлау биіктігі сонша, жерге жеткенше, су ұсақ бөлшектерге бөлініп, тұманға айналады. Тұманды бірнеше шақырымнан сезуге болады. Жоғарыдан құлап түскен су Кереп өзеніне келіп құйылады.

Жергілікті тұрғындар арасында сарқыраманы «Kerepakupai-meru», яғни, «өте терең жер  сарқырамасы» деп атау қалыптасқан.

Ал әлем халықтарына кеңінен танымал болған «Анхель» атауы  - 1933 жылы  жоғарыдан ұшып өтіп бара жатып, сарқыраманы тұңғыш рет байқаған ұшқыш Эйнджел Джеймстің есімімен байланысты.

1933 жылы алғаш рет байқап өткеннен кейін, ұшқыш Эйнджел Джеймс 4 жылдан кейін қазанның тоғызыншы жұлдызында өзінің кезекті сапары кезінде, ұшағын сол жерге қондырмақшы болады. Алайда, ұшқыштың бұл әрекеті сәтсіздікке ұшырап, дәл осы сарқырама маңында апатқа ұшырайды. Нәтижесінде тікұшақтағы Эйнджел мен әйелі және екі жолаушы 11 күн бойы өркениеттен тыс өмір сүреді. Қиын сәттерді бастан өткеріп, елдеріне аман-есен оралады.

Эйнджелдің «Фламинго» ұшағы 33 жыл бойы тікұшақпен алып кеткенше, сол төбеде тұрады. Бүгінде ұшақ Маракай қаласының авиациалық мұражайында қайта қалпына келтіріліп, қаланың Сьюдад-Боливар әуежайының алдында тұр.

1949 жылы Ұлттық географиялық қоғамының ұйымдастыруымен (АҚШ) әлемдегі ең биік сарқырамаға экспедиция жасалып, нәтижесінде оның биіктігі анықталды.

Суреттер: daypic.ru, anastgal.livejournal.com, rgo.ru, wikipedia.org

34506 7
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 07 маусым 2012, 15:30
Пікірлер
+0
07 маусым 2012, 16:02

Жақсы ақпарат. Бұрын ең биік сарқыраманы Виктория деп жүргем. Сөйтсем оның биіктігі 120 метр екен, ал мынанікі 1054 метр. Виктория ең биік емес, ең үлкен сарқырама екен (ені 1800 метр). Құрметті массагеттіктер! Қазақстандағы сарқырамалар жайлы да айтып берсеңіздер. Әйтпесе еліміздегі бір-ақ сарқыраманы біледі екем - Медеу жақтағы Кімасар аңғалынының сарқырамасы.

+0
07 маусым 2012, 17:14

Маңғыстау жақта Тамшалы деген "сарқырама" бар. Судың тамшылары сарқырап, тамшылап тұрад)))))

+0
07 маусым 2012, 17:22

Түрген шатқалында екі сарқырама бар

+0
08 маусым 2012, 12:03

Түргендегі сарқырамаға жақында ғана барғанбыз, қыздармен шаршап-шалдығып зорға жетсек, кіп-кішкентай екен...

+0
07 маусым 2012, 17:37

Тамшалыда сарқырамайды, тамшылайды.
Ал мынау қызық ақпарат екен. Мектепте тек Ұшқыш ашқанын ғана оқып едік..

+0
07 маусым 2012, 17:51

поэтому сарқырама демейді, "сарқырама" дейді))

+0
07 маусым 2012, 19:09

Эйнджел - Ангел - Анхель. Атын өшірмеу деген осы ғой :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...