Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Швейцария - жердегі жұмақ

Швейцария - жердегі жұмақ

Швейцария - жердегі жұмақ

Швейцария – Еуропаның орталық бөлігінде орналасқан, Альпі тауларының нақ жүрегіндегі кішігірім мемлекет. Швейцария сөзін естігенде, әлемдегі ең дәлме-дәл сағаттар, дәмі тіл үйіретін тағамдар толы асханалардың еске түсетіні рас. Бірақ, бұл дегеніңіз Швейцарияның бар байлығы емес. Және бұл мемлекеттің қазынасы атақты банктер мен темір сейфтерде жасырулы жатқан да жоқ. Сізге мұны түсіну үшін көп нәрсенің керегі де шамалы. Бар болғаны өміріңізде бір рет қана Швейцарияның көз тартар әдемілігіне куә болып, шегі жоқ өзендерін тамшалап, Альпі тауларының мақпалдай самалын сезініп, сарқырамаларды, адам жанын тыныштандырар көк шалғындар мен жүзімдер алқабын көрсеңіз болғаны.

Бүгінге дейін сақталып келген Ортағасырлық қалалар мен игілікті ахуал - сіздің жадыңызға естен кетпес әсер қалдыратынына сенімдіміз. Гуманизм екінші кезекке ысырылған заманда сізбен бізге жете бермейтін тұрақтылық пен жайбарақаттық жайлаған мемлекеттің сізге ұнамауы мүмкін емес.

Швейцария – өзінің тау шаңғысымен танымал болған шипажайлары және басқа қысқы спорт түрлерімен айналысатын орындарымен жылдан-жылға әлемнің түкпір-түкпіріндегі туристерді таң-тамаша қалдыруда. Бұл мемлекеттен жылдың кез келген маусымында айналысатын істі қиналмастан табуға болады. Әсіресе ең қолайсыз күз мезгілінің өзінде тау велосипедімен серуендеуге, парапланмен ұшуға мүмкіндік бар. Тіпті өзіңізді альпинизм саласында да байқап көруіңізге жол ашық.

Сонымен қатар, мемлекетте 600-ге жуық  музей бар. Атағы кеңге жайылған Базель, Берн, Женева және Цюрих өнер мұражайларының орындары тіптен ерекше. Швейцарияда Невшатель, Тун, Моржедегі Вифлен сынды ортағасырлық қорғандардың қатары да аз емес.

Сөз барысында Швейцарияның нышаны саналатын ірімшік пен шоколад туралы да ұмытпағанымыз жөн. "Nestlе" шоколад фабрикасына саяхаттан кім бас тарта алады дейсіз? Айтпақшы, көптеген елдер таңдай қаға отырып жейтін классикалық ірімшіктің отаны Фрибур кантонындағы Грюйерге жолыңыз түсе қалса, сүйікті ірімшіктеріңіздің қалай дайындалатындығының куәгері болуға әбден болады.

Швейцария туралы сөз болған тұста, Женева туралы айтпай өткеніміз ағаттық болар. Женева – Швейцарияның ең үлкен қалаларының бірі. Кейде бұл қаланы әлемнің астанасы деп те атап жатады.

Мұның тарихы тереңде жатыр. Өйткені б.з.д I ғасырда Юлий Цезарь Женеваны «цивитас», яғни аумақтың басты қаласы деп атаған екен. Суреттегідей ортағасырлық шағын үйшіктер, мөлдір сулы субұрқақтар Женеваның көркіне көрік қосады. 

Суреттер: ru.myswitzerland.com, kostyor.ru, pragagid.ru, youroute.ru

9691 3
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 05 маусым 2012, 19:25
Пікірлер
+0
05 маусым 2012, 21:36

Және бұл ел К.Маркс айтқан коммунизмге жеткен ел ғой! Бай, бақытты елінің тұрмысына қатты қызығамын... Біздің қазақ сондайға қашан жетер екен...

+0
05 маусым 2012, 22:49

:) жетер бір күні... Қазақтай ел қайда?! біздің ел бұдан өткен жұмақ мекенге айналады ))

+0
07 маусым 2012, 10:22

Әумин, айтқаныңыз келсін!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Мен не деймін, көзім не дейді?
Мен не деймін, көзім не дейді?

Әрине мен туралы емес)

Автор: Nazym Samet
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп.

30 күн артық ақпараттан ораза ұста.
30 күн артық ақпараттан ораза ұста.

Өмір маған əрдайым екінші мүмкіндікті ұсынады. "Ертең" деген.

Автор: Arayka Sakhova
Шынайы сезімнің құны қанша?
Шынайы сезімнің құны қанша?

Өзің идеал емессің, бірақ басқадан идеал адам ізейсің. Бұл дұрыс емес.


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...