Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / 90 жастан көп өмір сүремін десеңіз...

90 жастан көп өмір сүремін десеңіз...

90 жастан көп өмір сүремін десеңіз...

АҚШ-тың бас кардиологтарының бірі Клайд Янси әрқайсымыздың да 90 жастан аса өмір сүре алатынымызға сенімді. Тіпті 100 жасыңызды да тойлап өтуге мүмкіндік бар екен.

Ғалымның айтуынша, адамдар бар болғаны 7 ережені ұстанса, өмірі ұзағынан болады.

1. Қозғалыс керек. Күнделікті жұмысынан 6-8 сағаттап отырып алатындар 60 жасында инсульт немесе инфаркт алады. Көп жасау үшін күніне кем дегенде 40 минут белсенді қозғалыс керек екен. Жұмыс уақытында жаттығулар жасап тұру керек. 

2. Холестерин деңгейін білу керек. Оны бақылауда ұстауды да ұмытпағайсыз. Жүрек аурулары мен гипертониялық дерттердің көбі осы ағзадағы холестерин құрамының деңгейін өлшемегендіктен пайда болады.

Қалыпты холестерин деңгейі:

Жалпы – 5 ммоль/л (200/дл).

Жарамсыз холестерин3,5 ммоль/л (130 мг/дл).

Пайдалы деңгейі – 1 ммол/л (39 мг/дл).

30 жастан асқандар жылына бір рет қан тапсырса, 45 жас пен одан жоғарыдағылар жылына екі рет қан тапсыруы қажет.

3. Толық әрі түрлі тағамдар қабылдау. Гормондардың жаңарып отыруы үшін өсімдік әрі жануар ақуыздарын, құрамында көміртек пен аминқышқылдары бар тағамдарды күнделікті қабылдау керек. Жоқ дегенде бір күнде бір жеміс жегеніңіз абзал.

4. Артериалдық қысымыңызды тексертіп отырыңыз. Қазіргі таңда гипертония эпидемиясы жастардың 40 пайызын жайлаған, ал 35-40 жастан асып кеткендерде тұрақсыз қан қысымы бар.

Қалыпты артериалдық қысым:

Төменгі қалыпты – 115-110/70 мм с.б.

Орташа – 120/80 мм с.б.

Қалыпты – 120-129/80- 84 мм с.б.

Жоғары қалыпты – 130-139/85- 89 мм с.б.

Артериалдық қысым гипертониясы – 140/90 мм с.б. және жоғары

5. Қалыпты салмақ ұстау. Артық 15 келі салмақ 10 жылыңызды қысқартады деген зерттеу нәтижелері бар. Жасқа қарай бөксе өлшеміне де мән берген дұрыс: әйел адамда ол – 80-85 см (дене-бітімге байланысты), ер адамдарда – 95-105 см.

6. Қандағы қант құрамын өлшеп отыру. Қалыпты қант құрам деңгейі – 33-5,6 ммоль/л. Тамақтанған соң қант құрамы 7,8 ммоль/л аспауы қажет.

7. Темекі шекпеу. Ағза темекіні тастаған соң тек 15 жылдан соң ғана ретке келетіні белгілі.

Айтпақшы...

Әрине, жоғарыдағы кеңестер деніңіздің саулығын біршама жақсартады. Бірақ адамның 50 пайыз денсаулығына генетикасының тікелей әсері бар.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: liveinternet.ru

7948 6
Рейтинг: +2

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 30 наурыз 2013, 10:38
Пікірлер
+0
30 наурыз 2013, 12:07

бәрінен бұрын матемге жақсы болу керек екен)

+0
30 наурыз 2013, 20:25

ай қайдам, маңдайыңа жазылған өмірді көресің де, одан асып қайда барасың?! мыналар қосымша болмаса)

+0
01 сәуір 2013, 10:40

Салмақты түсріу керек маған, бірақ 90 көп сияқты өзіме

+0
01 сәуір 2013, 12:00

Осы ғой темекі тастадым дегенін, Ардақ?))

+0
02 сәуір 2013, 21:41

оданда қалай салмақ түсіру керектігін айтсаңыздар екен! қарапайым тәсілмен. ал мына жоғарыдағы кеңес жаман емес

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...