Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Шашыңыз сіз жайлы не айта алады?

Шашыңыз сіз жайлы не айта алады?

Шашыңыз сіз жайлы не айта алады?

Қазірде шашы қиындық тудырмайтын арулар жоқтың қасы. Ұштану, түсу, түсін өзгерту, қайызғақ пайда болуы... Шаш тудыратын қиындықтар көп-ақ. Әрине оларды қазіргі экология, күннің көзі, жаман құбыр суы, түрлі термоқұралдар әсері деп айтса болады. Алайда оған сіздің өмір тәртібіңіз, рационыңыз, стресстер мен аурулар да себеп бола алады.

Ғалымдардың айтуынша, шаштың жағдайына қарап, адамның денсаулығындағы қиындықтарды анықтауға болады-мыс. Әрине сырттан сусабындар, бальзам мен басқа да құралдармен шашты емдеуге болады. Бірақ оның себебін анықтап, ауруларыңызды емдеп, шашқа іштен әсер еткен әлдеқайда дұрыс.

Шаштың көптеп түсуі мен өсуінің баяулауы стресс пен үйдегі, жұмыстағы қиындықтардың белгісі болуы мүмкін. Жүйке жүйеңізге көп көңіл бөліңіз, демалу жаттығуларын жасаңыз, өз эмоцияларыңызға ие болуды үйреніңіз.

Жалпы шаштың жағдайы нашарлағанын байқасаңыз, рационыңызды өзгертіп көріңіз. Сізге В, С, РР дәрумендері, минералдар, магний, мырыш, кальций, темірге бай тағамдар қажет. Темекі, ауыр диеталар, артық дәрілер де шаштың жағдайына әсер етуі мүмкін. Жалпы денсаулыққа зиян заттардан, тағам түрлерінен бас тартсаңыз, шашыңыз да жайнай түседі.

Гормоналды өзгерістер кезінде де шаш қиындықтары болуы мүмкін. Шашыңыздың жағдайы күрт нашарласа, қан құрамындағы қанттың мөлшерін тексеріп, эндокринологқа барып келген жөн.

Тым майлы шаштар зат алмасудағы қиындықтарды көрсетеді. Су ішіңіз, майлы, қуырылған тағамдарды ұмытыңыз. Бұдан былай рационыңыздың басты тағамдары көкөніс пен жемістер болсын.

Қайызғақтан зардап шегетіндерге ас қорыту жүйесін тексерткен дұрыс. Асқазан мен өт аурулары қайызғақтың себебі болуы мүмкін.

Ерте жаста пайда болған ақ шаштар қалқанша безінің дұрыс емес жұмысы нәтижесі бола алады. Сондай-ақ, гормоналды өзгерістерге де байланысты болуы мүмкін. Ұйқы безі мен жүректі бір тексертіп алыңыз. Қышқыл мен тұзды тағамдарды барынша аз жеп, ұйқыңызды қандырып жүріңіз.

Сынғыш, жұқа шаштар иесінің спортпен шұғылданбайтынын көрсетеді. Шаш қажетті оттегі алмай, сыртқы орта әсерінен нашарлайды. Жаттығулар жасап, спортпен шұғылданыңыз.

Бастысы, біріншіден себебін тауып қана, емдеуге кірісіңіз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: uploadimage.cn

7101 6
Рейтинг: +3

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 27 ақпан 2013, 18:11
Пікірлер
+0
27 ақпан 2013, 19:12

менің шашым көп бойағандықтан өңі қашып кеткен :(

+0
27 ақпан 2013, 20:39

шашымда бiр туйiр ак шашым бар, коп туседi (журегiм ауыратыны ырас)

+0
28 ақпан 2013, 00:29

Менің шашым көп түсіп жүр (((

+0
28 ақпан 2013, 09:36

менин шашымнын жагдайы жаксырак)

+0
01 наурыз 2013, 03:06

жақсы кеңестер... шаштың ағарғаны-гүл ашқаны, түскені- піскені - деген сөз есіме түсе кетті. шаштарыңыз қайратты, жүректеріңіз айбатты болсын!!!

+0
01 наурыз 2013, 17:35

шашым сыпырылып түсіп жүрр* :(

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...