Тән саулығына кесір тигізетін әдеттер

Тән саулығына кесір тигізетін әдеттер

Біз кейбір әдеттерді психологиялық жақтан ғана ойлаймыз да, оның адам деунсаулығына тигізер әсері жайлы ойламаймыз. Төменде сіздің денсаулығыңызға кесір тигізер әдеттер жайлы айтайық.

  • Күндіз тым ұзақ ұйықтау. Адам денесінің қан айналымы күндіз ең қалыпты кезеңге өтеді. Ал күн көтерілген соң ұзақ ұйықтау қан айналым ритімін бұзады да, үлкен миға қан жетіспей қалады. Ас қорыту жүйесі де қалыпсыз жағдайға түсіп, адам денесінің ауруға қарсылық қуатын төмендетіп жібереді. Бұдан бөлек, ерте қартаю да күндіз ұйықтаудан туындайды.

  • Орнынан тұра сала көрпені жинау. Адам ұйқыдағы кезде денеге тиіп тұратын көрпе болғандықтан, денеден бөлініп шыққан химиялық керексіз заттар көрпеге сіңіп қалады. Бұл келесі күнгі ұйқы мезгіліндегі тынышсыздыққа душар етеді. Егер ұзақ уақыт осылай жалғаса берсе, теріңізге тікелей әсер ететін болады. Бұл әртүрлі тері ауруларына және басқа да дерттерге себепкер. Сондықтан ұйқыдан тұрған соң он минут бойы есік-терезені ашып, сосын ғана көрпе жинаған жөн.
  • Көзді уқалау. Көзді қатты уқалау ең көп кездесетін әдет. Қазіргі компьютер кезеңінде тіпті де солай.  Мұның зардабы адам баласына айтпаса да түсінікті. Сондықтан жеңіл массаж жасап тұрған жөн. Әсте бар күшпен уқаламағаныңыз абзал.
  • Мұрт пен сақалды бейберекет қою немесе уақытылы алмау. Мұрт пен сақалды таза ұстамаған ерлердің ауруға шалдығу мөлшері арта түседі екен.

  • Ұйықтар алдында бет жумау. Ұйықтар алдында таза сумен жүзіңізді шайып жатқан жөн. Күні бойы денеге қонған, көзге байқаламайтын бактериялар ұйқыдағы мезгілде тері арқылы денеңізге сіңіп кететін болады.
  • Ұйықтар алдында ауыз шаймау. Тіс жуу мезгілі кемінде бес минуттан артық болу керек. Бір-екі рет шайып қоя салғаннан ешқашан тіс тазармайды. Және онда қалып қойған қалдықтар әртүрлі асқазан ауруларына шалдықтырады. Жатар алдында тіс жуып, ауыз шайып ұйықтағаныңыз қалыпты ұйқы мен денсаулығыңызға пайдалы.
  • Тұрмыстағы сабырсыз тіршілік. Сіз үнемі уақытыңызды дұрыс орналастырмай, әр іске сабырсыздық танытып, қарбалас күн кешсеңіз, ауруға шалдығу мөлшері 70 пайызға арта түседі екен. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com, sc.sina.com.cn, flickr.com

Қ. Қауымбек