Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Қанттың ерекше қолданысы

Қанттың ерекше қолданысы

Қанттың ерекше қолданысы

Қант біздің түсінігімізде денсаулығымыз бен сырт келбетімізге жағымсыз әсер ететін тәтті қоспа. Алайда оның ерекше қолданылуы кейбір жағдайларда пайдалы болуы мүмкін.

Ғалымдардың жүргізген сараптамаларының нәтижесі таң қалдырмай қоймайды. Қант ауыр ауруларды қоздыратын, сондай-ақ жаралардың тез емделуіне кедергі келтіретін бактерияларды залалсыздандыра алады екен. Бактерияларға дамып көбейуі үшін ылғал қажет, ал қант артық ылғалды өзіне жұтып алады.

Ащы тамақтан кейін ауызға салынған бір кесек қант ащы дәмді оңайлықпен баса алады.

Қант қосылған дене терісіне арналған скрабтар баяғыдан-ақ танымал. Ондай скрабты өзіңіз де жасап алсаңыз болады. Оны зәйтүн майы мен кез келген эфир майының бірнеше тамшысымен араластырып қолдана беріңіз. Теріңіз таза, нәзік бола қалады.

Міне қызық: егер далап жағылған ерінге құмшекер сеуіп, бірнеше секундтан кейін жалап жіберсеңіз, далап әлдеқайда ұзақ сақталады.

Қантты дақ кетіргіш ретінде де қолданады. Ол шөптің ізінен қалған, және т.б. дақтарды оңайлықпен кетіреді. Суланған даққа қантты сеуіп, бірнеше сағатқа қойып қойыңыз.

Кофе ұсатқыш, блендер, ет тартқыштағы қалған жағымсыз иістерді (сарымсақ, кофе, т.б.) қант кетіре алады. 

Қант тіліңіз ыстық шай не кофеге күйіп қалғанда көмекке келеді. Қант салынған қасықты тіліңізге қойсаңыз, ауырғаны сол сәтте қояды.

Ерініңізге далап дұрыс жағылмай ма? Ерініңізге зәйтүн майы мен қантты араластырып жағыңыз. 30 секундтан кейін оны сүртіп тастап, далапты жаға беріңіз.

Қант сыйланған гүлдердің ғұмырын ұзарта алады. Гүл тұрған суға 3 ас қасық қант, 2 қасық сірке суын қосыңыз. Қант гүлдің бұтағын сақтаса, сірке суы оны бактериялардан қорғайды. 

Ал сіз қантты тек шайға ғана қосасыз ба?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: quorum.kz

7183 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 21 қараша 2012, 11:33
Пікірлер
+0
21 қараша 2012, 12:54

қанттың да пайдасы бар екен ғойййй

+0
21 қараша 2012, 12:56

далап екеунің мұндай байланысы бар екенін білмеппін ;)

+0
21 қараша 2012, 15:02

Егер ұялыңыз суға түсіп кетсе, оны алып қанттың арасына салып қойыңыз. Суын тез тартып алады.)

+0
22 қараша 2012, 10:39

жақсы кеңес екен

+0
26 қараша 2012, 00:27

:o Таңғалдым... Қант дақты кетірет деп кім ойлаған.....???

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...