Ұзақ өмір сүру үшін...

Ұзақ өмір сүру үшін...
Фото: unsplash.com

Бірыңғай Жинақтаушы зейнетақы қорының дерегінше, 2017 жылы қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасы 73 жылды құраған: оның ішінде ерлер – 69 жас, әйелдер жасы – 77. Өмірді ұзартуға көмектесетін кеңестер ұсынамыз.

Неліктен әйелдер ұзақ өмір сүреді?

Өлімнің 90%-ы адамның өмір сүру салтына байланысты. Көптеген зерттеулер дұрыс тамақтану, спорт және зиянды әдеттерден бас тарту өмірді 10 жылға ұзартатындығын дәлелдеді. Ерлер бұл ережелерді орындай бермейді: мысалы, темекі тартады, майлы тамақты жақсы көреді.

Қалған 10% генге байланысты. Әйелдердің эстроген деген гормоны ДНҚ-ны қартаюдан сақтайтын фермент түзеді. Сонымен қатар, бұл гормонның жоғары деңгейі жүрек-қан тамырлары жұмысын қалыпта ұстап тұрады.

Дұрыс тамақтану мен спортпен айналысудан басқа өмірді ұзартуға көмектесетін кеңестер:

- Арасында сол қолмен жазыңыз. Қалыпты емес міндеттер ми жасушасының жас болып қалуына көмектеседі.
- Отбасыңызбен уақыт өткізіңіз. Туысқандармен әңгімелесу қысымды ретте ұстауға көмектеседі.
- Оятқыш қолданбаңыз немесе даусын басып қойыңыз. Қысымы жоғары адамдарға кенеттен шыққан қатты дыбыс жүрек ұстамасы қаупін жоғарылатады.
- Басқаның ойын тыңдамаңыз. Басқалардың не ойлағанын уайымдамасаңыз, ұзағырақ өмір сүресіз.
- Үй жануарын асыраңыз. Үйінде мысық немесе ит бар адамдар күйзеліске аз ұшырайды.
- Классикалық ән тыңдаңыз. Классикалық әндер ойлау жылдамдығын, есте сақтауды және зейінді жақсартады.
- Билеңіз. Би омыртқаны қатайтады және жүрек-қан тамырлар мәселелерінің алдын алады.

А. Жапатова