Таңғы кофеге балама

Таңғы кофеге балама

Күніңіз ыстық стақан кофеден басталады ма? Оның зиянын біле тұра, кофеден бас тарта алмайсыз ба? Сізге таңғы кофеге 5 пайдалы балама ұсынамыз. 

1. Дәмі кофеге ең ұқсас сусын - ыстық шоколад. Какаоның құрамындағы флавоноидтар жүрек-тамыр ауруларының алдын алады. Таңмен какао ішсеңіз, магний, темір, кальций, калий, А,В, С, Е, D дәрумендерінің таңғы мөлшерін аласыз. Какао құрамындағы теобромин кофедегі кофеиннен жақсы ұйқыны қаштыртады. Сонымен қатар какао - керемет антидипрессант.

2. Жасыл шәй кофеинмен қатар антиоксиданттарға бай болады. Құрамында С дәрумені мол бұл шәй, күзгі уақытта профилактика ретінде пайдалы. Жасыл шәй жүйкені тыныштандырып, көңілге жақсы әсер етеді.

3. Жалбыз шәйі басқа да емдік шөптер шәйлары сияқты жұмсақ сергіту қасиетіне ие. Сол себеті ол бүкіл ағзаға пайдалы болмақ. Таңғы шөп шайына бір қасық бал қоссаңыз, тіптен жақсы.

4. Жаңа әзірленген жеміс не көкөніс шырыны. Бұл сусындардың арасындағы ең пайдалысы, себебі оның дайындалуын басынан соңына дейін өзіңіз қадағалайсыз. Таңғы шөлді басып, ағзаңызды микроэлементтер мен дәрумендерге байытады.

5. Жылы үй лимонады "тез және арзан" сусындар қатарынан. Жылы суда ас қасық балды ерітіп, лимон шырынын, лимонның қабығын қосып жіберіңіз. Әсері бойынша энергетикалық сусындардан кем болмайтын лимонад дайын болды. 

Көріп тұрғаныңыздай, таңғы кофеге балама бар. Сондықтан күнде кофе ішу әдетін тастап, салауатты өмір салтын ұстаныңыз.

Ал сіз таңертең қандай сусын ішесіз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: temelaksoy.com

С. А