Құшақтасудың да пайдасы бар

Құшақтасудың да пайдасы бар
Фото: amur.kz

Құшақтау – адамдардың бір-біріне деген сезімін сырттай көрсететін физикалық жақындасу. Біз дүниеге келмей тұрып құшақтасудың қандай болатынын білеміз. Тек есімізде жоқ. Мәселен анамыздың ішінде жатқан кездегі анамыздың ішін құшақтаған сәті. Туған кезден бастап ата-анаңыз сізді құшағына алумен өтеді. Ал сіз алғашқы құшақтың шынайылығын жан-жануарларға сездіресіз. Яғни ит немесе мысықты құшақтауыңыз мүмкін. Уақыт өте келе бұл үрдіс адамға ауысып, бойыңызда махаббат сезімі пайда болады.

Біз құшақтасу арқылы бір-бірімізге бақыт пен шаттық сыйлаймыз. Бұл қарапайым әрекет болғанымен оның пайдалы екенін психологтар да, дәрігерлер де дәлелдеген. Адамдар бір-бірімен шынайы әрі сезіммен құшақтасқан кезде екеуара иммунитет көтеріліп, жүйке жүйесінің жұмысы қалпына келеді екен. Соның ішінде эндокоринді жүйе жақсарады. Күйзеліс төмендеп, гемоглобин көтеріліп, адам белгілі бір күшке ие болады. Мұны ғалымдар дәлелдеді

Құшақтасудың сан түрі бар:

– Ата-ананың құшағы;
– Достық құшақ;
– Әріптестер арасындағы құшақтасу;
– Шынайы сезімді көрсету кезіндегі құшақтасу;
– Жақсы көрген адамға деген сезіммен риясыз құшақтасу;

Ежелгі Шығыс даналығында құшақтасу тіпті емдік қасиетке ие болған. Адам мүлде құшақтаспай кеткен жағдайда ол өмірден түңілу үрдісіне тап болады. Өзін жалғыз сезініп, күйзеліске ұшырап, ең ақыры жаман ауруға шалдығуы мүмкін. Ал құшақтасу арқылы ол екінші адамнан энергия алады.

Сіз «Құшақтасу күні» деген күн бар екенін білесіз бе? Иә, ол бар. ХХ ғасырдың 70 жылдары бұл мереке ресми түрде енген. 4 желтоқсан және 21 қаңтар күндері бүкіл әлем құшақтасу күнін атап өтеді. Дәл сол секілді «Тегін құшақтасу» акциясы да бар.

Адамдар бір-бірін құшақтау кезінде пайда болатын ерекше күйлер:

Өз-өзіне деген сенімділікті жоғарлатады;

Бірқалыпты қозғалысқа әкеледі;

Күйзелістен, жалғыздықтан, ішкі құлазудан арылтады;

Сенімділік сыйлайды;

Күш пен қуат береді.

Бір-біріңізді құшақтап тұрыңыздар! Құшақтарыңыз ашық болсын!

М. Ақан