Неге ештеңе істеуге құлшынысым жоқ?

Неге ештеңе істеуге құлшынысым жоқ?
Фото: www.helpinadaption.ru

Кейде сабақта не жұмыста отырғанда, үйде де ештеңе істеуге зауқымыз соқпайтын кез болады. Ісіміз уақытында бітпейтінін білсек те, өзімізді басқарып, бас бұра алмаймыз. Себебі миымыз жұмыс істемей қалады. Неге?

Ұйқы қанбауы

Түн мезгілінде дұрыс ұйықтамасақ, ол денсаулыққа кері әсерін тигізетін белгілі. Адам тәулігіне 8 сағат ұйықтау керек деп жатамыз. Бұл белгіленген дұрыс уақыт болғанымен осы аралықтағы ұйқының сапасы да маңызды. 7 сағат ұйықтасаңыз да, 10 сағат ұйықтасаңыз да, түн ортасында бірнеше рет оянып, мазаңыз қашса, ұйқыңыз қанбай, келесі күні делсал күйде жүресіз. Сондықтан жайлы орынды таңдап, күн сайын бір уақытта ұйықтап, бір уақытта оянуға дағдыланыңыз.

Ағзаны пайдалы маймен қоректендірмеу

Гидрогенезделген, өңделген, сонымен бірге жануардан алынған майлар ағзаға зиян. Ал жаңғақтарда, балықта болатын омега-3 май қышқылы, авокадо, өсімдік майы миға аса пайдалы.

Су ішпеу

Біздің денеміз 60% судан тұрса, миымыздағы су мөлшері одан да көп – 80%. Сондықтан кемінде бір сағатта бір стақан су ішіп тұру қажет. Денедегі су мөлшері жеткілікті болмаса, жаныңыз түршігіп, ашуға бой алдырасыз, маңызды шешімдер қабылдау кезінде қателік жіберуіңіз де ықтимал.

Көкөністер мен жемістер жемеу

Бойы тұнған дәрумендерден құралатын өсімдіктердің пайдасы шаш етектен екені жіпке тізіп жатпасақ та белгілі. Олардың құрамындағы минералдар, антиоксидантар, жасұнықтар миға ең қажетті дәрумендер қатарын құрайды.

Қозғалмау

Физикалық күш ағзада қанағысты күшейтіп, дененің барлық тініне оттегі мен ағзалық заттар жібереді. Үнемі физикалық белсенділікте болу зат алмасу үдерісін жылдамдатып, жүйке жүйелерін реттеуге де септігін тигізеді.

Күйзелісті басқара алмау

Күтпеген жағдайдан есеңгіреп қалсақ, күйзеліс торығуға ұласып, ұзаққа созылып кетпей тұрғанда, дер кезінде онымен күресу керек. Қазақпыз деп қысылмай психолог көмегіне жүгіну, медитация, психотерапия, йога, тыныс жұмысымен тәжірибе, тіпті болмаса күнделік жүргізу не бар ойыңды қағазға жазып кейін жыртып тастаудың өзі жақсы көмектесе алады.

Миды жаттықтырмау

Жаңа ақпараттарды игеру, миды қосымша машықтарды меңгеріп, интеллектуалды хоббилермен айналысу ми ресурстарын көбейтіп әрі сақтауға жәрдемдеседі. Осындай жаттығулар үнемі тоқтаусыз қайталанып тұрса, өмір бойы мида қиындық бомлайды.

Миды 5 секундта қалыпқа келтірудің 5 әдісі:

— көптаңбалы сандарды ойша қосып-азайту;
— өлең жаттау не білетін өлеңді еске түсіру;
— ғашығың алғашқы кездесуде не кигенін еске түсіру;
— өткен жылы дәл осы күні не істегеніңді ойға оралту;
— логикалық сұрақтарға жауап іздеу. 

@. @assel_assanova