Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Дәрумендер

Дәрумендер

Жеміс-жидек, көкөніс, өсімдік шырыны, міне осының бәрі дәруменге бай. Тамақтанған кезде  алдымен осылардан бастаған дұрыс.

Әйел реңі тартымды болу үшін таңертең, түсте, кешке барлық тамаққа дәрумен қосқан абзал. Оларды таблетка түрінде қолданған да жақсы. 

Қай дәрумен қандай тамақта көп болады? Енді осы сұраққа жауап берейік. 

А дәрумені сарғыш не қызыл  түсті тағамдарда кездеседі. Олар - сәбіз, қауын, қызанақ, балық майы, сиыр бауыры, жұмысртқа, сары май, ірімшік, рауғаш, қаймақ, т.б. Құрамында А дәрумені бар  тағамдарды күн түспейтін қараңғы жерде сақтайды. Оларды ыстық сумен жумайды.

А дәрумені көздің көру процесіне қатысады. Бұл дәруменнің өсіп-өну және зат алмасу үшін маңызы өте зор. Соңғы деректерге қарағанда ағзаға бір тәулікте бұл дәруменнен 1,5 мг керек екен.

В1 дәрумені ашытқы, бауыр, сәбіз, сүт, саңырауқұлақ құрамында көп кездеседі. Күнделікті тағамда бұл дәрумен жеткіліксіз болса, көбінесе жүйке жүйесі зақымданады, сондықтан тәулігіне 2-3 мг В1 дәрумені қажет. 

В2 дәрумені ашытқы, бауыр, жұмыртқа, сүт, ірімшік, қара нан, ет, балық, көкөністерде кездеседі. Бұл дәрумен әр жасушаның өсіп-жетілуіне әсер етеді. Ол жетіспесе адам жүдеп, шаршап, ерні, өкшесі жарылып, көздің көруі нашарлап, жарыққа қарай алмай көзі жасаурайды. Терінің сыртқы қабаты түлегіш келеді. Салқын кезде және ыстықта адам ағзасына оның қажеттілігі одан сайын арта түседі.  Оның күнделікті мөлшерінің 2,5-3 мг болғаны абзал.

Дәрумендердің В тобына бұл аталғандардан басқа В6, В12 түрлері де жатады. Олардың да өзіндік әсерлері бар.

В6 жетіспесе, қан азайып, тамаққа тәбеті шаппай, ашуланшақ, ұйқышыл, кейде бет, мойын терісі қабынып, кейде қояншық ауруына тап болады. Бұл дәрумен жануарлар мен өсімдіктерде өте көп. Әсіресе, ашытқы, бидай, бауыр, ет, бүйрек, жұмыртқа, күріш жармасында кездеседі. Ересек адам оны күніне 1,5-2 мл шамасында керек етеді.

В12 дәруменінің физикалық рөлі өте зор. Оның зат алмасуына, жүйке жүйесіне, қанның құрамына үлкен әсері бар. Бұл дәрумен екіқабат әйелдерге және жемсау (зоб) ауруына шалдыққан адамдарға өте пайдалы. Көбінде піскен ет, бауыр, бүйрек, жұмыртқа, сүттің құрамында көп болады.

С дәрумені итмұрын, қарақат, пияз, қызанақ, картоп, капуста, алма, апельсин, бүлдірген, қарбыз, сәбіз, қияр, жүзім, алмұрт, асқабақ құрамында болады. Тағамда С дәрумені жеткіліксіз болса, адам қырқұлақ ауруына шалдығады. Қырқұлақ дегеніміз тіс түбінің, қызыл иектің зақымдалуы. Сол сияқты қырқұлаққа шалдыққанда жүйке жүйесі нашарлайды. 

С дәрумені суда жылдам ериді. Сондықтан тамақ құнының жоғалмай, дәруменнің азаймауы үшін дастарханға қояр алдында әзірлеу керек. 

С дәрумені итмұрында аса көп. Соған орай күзде көп жинап алып қысқа сақтауға болады. Суға езіп, тұнбасын ішеді. Негізінде адамға тәулігіне 50-100 мг мөлшерінде С дәрумені қажет.

Д дәрумені екіқабат әйелдерге өте пайдалы. Ол жұмыртқа, сары май, қаймақ, сүт, саңырауқұлақ, балық майы құрамына енеді.

Д дәрумені кальций мен фосфордың алмасуын реттеуге қажет. Оның ерекше қасиеті сыртқы ортада өзгере қоймайды. Сондықтан тағамды қандай түрмен даярласа да, ол дәруменді байыптандырмайды.

Осы аталған дәрумендермен қоса Е, К, РР, Р деген дәрумендер де ағзаға үлкен әсер етеді.

Е дәрумені жыныс бездерінің қызметін жақсартады. Күнделікті пайдаланған тағамдардың ішінде өсімдік майында көп болады.

К дәрумені күнделікті пайдаланатын барлық тағамдарда кездеседі. Олар тіпті ішектегі кейбір бактериялардың әсерімен жаңадан пайда болып отырады. Сондықтан бұл дәруменнің жетіспеуі бойға тараған кейбір аурудың салдарынан деп түсіну керек. К дәруменінің қанды ұйытудағы маңызы зор. Ғалымдардың ұйғаруынша, тәулігіне адамға 0,2-0,3 мг К дәрумені қажет.

РР дәруменінің ағзада жетіспеуі пеллагра деген дертке ұшыратады. Оның негізгі белгілері іш өту, тері қабынуы, т.б.

РР зат алмасуға қажетті ферменттердің құрамына кіреді. Адам ағзасының бұл дәруменге деген қажеттілігі күніне 15-30 мг. Ол бауырда, ашытқыда, қозықұйрықта көп кездеседі. Бұл дәрумен қарын сөлін өндіруге, ұйқы безінің жұмысына, бауыр қызметіне, қызыл қан түйіршіктерінің түзілуіне, сүт қышқылының алмасуына тікелей әсер етеді. 

Р дәрумені (биофлавоноидтар) аскорбин қышқылына ұқсас. Сондықтан ол С дәрумені бар тағамдардың құрамында жиі кездеседі. Оның физиологиялық қасиеті - ұсақ қан тамырларының нәзіктігін және өткізгіштігін азайту. Р дәрумені шайдың құрамында көп. Сондықтан қазақ келіншектерінің арасында бұл дәруменнің жетіспеуі өте сирек кездеседі. Оларда қан тамыры ауруы да жиі болмайды. Өйткені ол ұсақ қан тамырларын бекітіп, серпімділігін арттырады. Шайдың маңызын осыдан көруге болады.


Міне, аталған дәрумендердің бәрі ағзаға үлкен әсер ететінін білдік. Олар денеде бір-бірімен тығыз байланыста. Біреуі жетіспесе, екіншісі орнын басуы да ықтимал. Қазір бірнеше дәрумендер қосылған поливитамин препараты өте танымал. Оны көктем, қыс кезінде пайдаланған дұрыс.  

Суреттер j-times.ru, lady.tsn.ua сайттарынан алынған

50755 0
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 27 қаңтар 2012, 13:22
Пікірлер
+0
27 қаңтар 2012, 17:07

Бірнеше жылдан кейін осындай бутерброд жейтін шығармыз). Алманың өзі пенопласт сияқты қазір...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...