Ірімшік диетасымен арықтау

Ірімшік диетасымен арықтау
Фото: fortytwo.sg

Ірімшік – арықтауды армандайтын қыздар үшін таптырмас тағам. Әрине апталап тек қана ірімшікпен қоректенуге болмайды, алайда аптасына бір күн ірімшік диетасын ұстанып, ағзаны тазартып, әдемі мүсінге бір қадам жақындайық.

Мұндай диетаны қыздар жиі ұстайды – ірімшік дәмді, пайдалы әрі өте тойымды. Ірімшік диетасы жақсы әсер беру үшін кейбір ерекшеліктерді біліп жүрген дұрыс.

Майлылығы төмен немесе майсыз ірімшік метаболизм, яғни адам ағзасындағы зат алмасу процесін тездетеді. Ірімшіктегі ақуызды ағза еш қиындықсыз қабылдайды, оңай қорытылып, сізге артық бір грамм салмақ та қоспайды.

Ірімшік диета күндері артық салмағы көп қыздарға, қан айналымы мен атеросклерозғашалдыққандарға да мінсіз келеді.

Назарларыңызда ірімшік диетасының бірнеше нұсқасы:

Бірінші диета бойынша, сізге күніне жарты килограмм майсыз ірімшік жеуге рұқсат. Оған қоса екі стақан майлылығы аз айран ішуге де болады. Осы тағам мөлшерін 5-6 ретке бөліп, күні бойы тұрақты тамақтанған дұрыс. Мамандардың айтуынша, тағамның аздығы қатты байқалмайды.

Екінші диета біріншіге қарағанда қатал. Ол бойынша сізге рұқсат етілген ірімшік мөлшері – 60 грамм. Күні бойы өзіңізге бір-ақ стақан сүт бере аласыз. Шөлдегенде су ішуге болады.

Үшінші диета бойынша 100 грамм майлылығы төмен ірімшікпен бірге бидай кебектерін жеуге болады. Бір-екі қасық кебекке ыстық су қосып, 20 минуттан кейін суын төгіп, ірімшікпен жей беруге болады.

Ірімшік диетасы нәтижесінде бір күнде зат алмасу процесі жылдамдап, ағзаңыз артық заттардан тазалана бастайды. Диета күндері белсенділігіңізді төмендетіп, аса ауыр жұмыс жасамаңыз. Мұндай ауыр диетаны аптасына бір реттен көп ұстамаған дұрыс.

Г. Берік