Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Арықтаудың 10 сыры

Арықтаудың 10 сыры

Арықтаудың 10 сыры

"Мінсіз дене бітіміне барар жол ауыр болу керек" деп кім айтты? Аштық жарияламай-ақ арықтауға болады екен. Тек оның сырларын біліп жүрсеңіз болғаны.

Дұрыс тіскебасар

Қарныңыз аша қалғанда шоколад пен қуырылған картоп жеудің орнына, пайдалы жеміс-жидек, жаңғақ, сыр жеген дұрыс.

Теледидарға "жоқ" деңіз!

Теледидарға қарама-қарсы отырып тамақтанғанда сіз 40%-ға артық калория жеп үлгересіз. Сондықтан ғажап "қорапты" кешкі ас кезіне өшіре салыңыз. Сондай-ақ кітап оқу, телефонмен сөйлесу сияқты басқа да көңіл алаңдатын заттарды тамақтанғанша шетке қоя тұрғаныңыз дұрыс. 

Салмағыңызды жиі өлшеп тұрыңыз

Күнделікті салмағыңызды өлшеп тұру салмақты қадағалап тұруға көмектеседі. Мынандай қулық жасаңыз. Таразыны тура тоңазытқыштың қасына қойыңыз. Осылайша әр кез дәмді бір нәрсе жегіңіз келіп тұрғанда, ол сізді тоқтата алады.

Аптасына 3 рет жаттығу жасаңыз

Көрдіңіз бе, тіпті күнде емес, аптасына 3-ақ рет! 15 минуттық жаттығулар да денеңізді шымыр ұстауға көмектеседі. Спортпен шұғылдану зат алмасуды тездетеді: демек денеңізде көбірек калорияны жою мүмкіндігі пайда болады.

Тамақ туралы ойламаңыз

Тәтті бәліш ойыңыздан кетпей ме? Ойыңызды басқа нәрсеге аударыңыз. Құрбыңызға қоңырау шалып соңғы жаңалықтармен бөлісіңіз, не жұмысқа кірісіңіз.  5 минут бойы көңіліңізді алдасаңыз, ары қарай ешқандай бәлішті еске алмайсыз.

Таңғы ас ішіңіз!

Диетолог мамандардың ортақ ойы - таңғы асты қалдыруға болмайды. Таңғы асыңыз тойымды, дәмді болуы тиіс. Сонда күні бойы қарныңыз ашпай, тоқ жүресіз.

Жеміс жеңіз

Күніне екі рет жеміс жеуді әдетке айналдырыңыз. Ондағы қант жайлы уайымдамасаңыз да болады. Ол расында біздің шайға қосатын қант емес, ағзаға зияны аз немесе мүлдем жоқ фруктоза мен басқа да көмірсулар.

Су ішіңіз

Су - табиғи түрде арықтауға көмектесетін арзан құрал. Күніне 2 литр су ішсеңіз, ағзаңыз тазаланып, жаңарып, теріңіз жайнап, зат алмасуыңыз тездейді.

Ұйқыны қандырыңыз

Күнделікті ұйқысы қанбайтын адам ағзасына жетпей жатқан энергияны тамақпен алмастырады. Сондай-ақ ұйықтамаған адам ылғи ашулы болады. Ал стресс тағы да артық тамақтың желінуіне себеп болады.

Армандаңыз

Мінсіз салмаққа қол жеткізген сәтіңізді көз алдыңызға елестетіңіз. Қандай киім киіп, қандай сұлу болатыңыз жайлы армандаңыз. Келесі жолы майлы, пайдалы емес тағам жегіңіз келіп қалғанда осы бейнені еске алыңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: lady.ru

41898 7
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 17 қыркүйек 2012, 12:06
Пікірлер
+0
17 қыркүйек 2012, 13:04

Агентке көңіліңізді аудармаңыз :lol:

+0
17 қыркүйек 2012, 15:58

ал мен толыктаудын керемет сырларын жазганды калар едим ;)

+0
17 қыркүйек 2012, 16:01

Ал мен толыктаудын керемет сырларын билгим келеди ;) :D

+0
17 қыркүйек 2012, 18:58

таңғы аспен келісемін :!:

+0
17 қыркүйек 2012, 18:59

өз басым таңертең үйден тамақ ішіп шықсам, кешке дейін тамақ іздемей жүремін

+0
19 қыркүйек 2012, 17:22

Тағы бір кеңес (қайдан қашан оқығаным есімде жоқ): суға бал араластырып ішу керек. Бұл әдіс жекелей алғанда арықтатпайды, тек өзіңіз қолданып жүрген әдістің (диета, жаттығу) әсерін жылдамдатады.
Ал, әсері 100 пайыздық әдіс мынадай: өзіңіз сыйлайтын, жақсы көретін, ұялатын, тіпті болмаса жек көретін адамға өзіңізді қазіргі болмысыңызды суретке түсіріңіз де, артына "бірнеше айдан кейін осы кезімдегіден әлдеқайда арық болам, ант етейін, көр де тұр!" деп жазып жіберіңіз! Көмектеспесе мұрнымды кесіп берейін))) испан ғалымдарын жолда қалдыратын әдіс қой, иә?

+0
20 қыркүйек 2012, 15:38

жаксы кенестер екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...