Ірімшіктен де бас ауырады

Ірімшіктен де бас ауырады
Фото: ecoute-subtile.com

Аяқ астынан бас ауыруының себебі неде екенін білесіз бе? Түрлі ауруларды есепке алмағанда, бас ауруы күтпеген себептерден болуы мүмкін. Тіпті, шылым мен ішімдіктің зияны бар дегеннің өзінде де, дастарханға қойылатын ірімшік бас ауруына себепші бола алады. Тағы қандай себеп болуы мүмкін?

Темекі шегу

Темекі шегу – бас айналып, ауыруының бірден-бір себебі. Темекі шегіп тұрған кісі өзінің де, қасындағылардың да денсаулығына зор зардап тигізетіні белгілі. Никотинмен дем алу мидағы қан тамырларының тарылуына әкеледі, нәтижесінде басыңыз қатты ауырады. Темекі шегуді қойып, шылым шеккен адамдардың қасында тұрудан бас тартсаңыз түсініксіз бас ауруларынан сауыға аласыз.

Кофеин

Кофеин шектелген шамада адам ағзасы үшін зиян емес, тіпті пайдалы. Айта кетсек, ол бірнеше дәрінің құрамында бар. Алайда кофені жиі, тұрақты түрде ішу бас ауруы пайда болуына сеп бола алады. Күнделікті ішетін кофенің шамасын қысқартыңыз, алайда кофеден бірден мүлдем бас тартқан да дұрыс емес.

Ірімшік

Бастың ауруы күнделікті жейтін қарапайым сырға байланысты болуы мүмкін. Әсіресе көгілдір сыр, чеддер, пармезан мен швейцариялық сырлар бас ауруын туғызады. Басқа осы сырлардың құрамындағы тирамин атты зат әсер етеді. Сыр ұзағырақ тұрған сайын ішіндегі тирамин көрсеткіші өседі.

Қызыл шарап

Жоғарыда танысқан тирамин заты қызыл шарапта және басқа да ішімдікті сусындарда болады. Сонымен қатар, ішімдік ағзадан суды шығарған себепті бас ауруын тудыруы мүмкін.

Шұжық

Шұжықтардың құрамында бас ауруын туғызатын тирамин мен нитриттар атты химиялық қосылғыштар бар. Тағамға қосылатын химиялық түзілімдер кейбір адамдарда бас ауруын тудыруы бек мүмкін.

Аштық

Ас уақытын жіберіп алып, тамақтанып үлгермесеңіз, бастың ауруын аштық сезімінен де бұрын сезінесіз. Мәселе қанның құрамындағы глюкоза шамасының азаюында. Мұндай кездері тіскебасар (тәтті кәмпиттер, шоколад, печенье) көмекке келе алмайды, оданда толыққанды ас ішіңіз.

Кенеттен пайда болған бас ауруын жазу үшін мәселенің себебін табу керек. Бас ауруы сіз үшін үйреншікті жайт болса, әр бас ауырған кезде, ол қай уақытта, қандай жағдайларда болғанын бақылаңыз. Сол күні қандай тағамдар қабылдағаныңызды, ауа райы қандай болғанын есте сақтаңыз. Осындай ақпарат сізге басыңыз не себепті ауырғанын табуға көмектеседі.

Күйзелістік жағдайлар – бас ауруының басты себептерінің бірі. Әрине, күнделікті кезігетін күйзелістің алдын ала алмаймыз, алайда уақыт өте келе сезімталдықты кемітіп үйренуге болады.

Күнделікті бір орында жұмыс жасайтындар бас ауруына жиірек шалдығады. Бас ауруын тез жаза алатын оңай дауалардың бірі – жеңіл физикалық жаттығулар. Жұмыс орнынан тұрып, кеңсені бір айналып келіңіз. Далаға шығып қол мен аяққа жеңіл жаттығулар жасаңыз.

Бас массажы да – бас ауруы кезіндегі жақсы көмекші. Самайды саусақтармен уқалау қатты ауруды қойдыра алады, ал жалпы массажды щетка тарақпен де жасауға болады.

Дұрыс тамақтанатын адамның басы ауырмайды. Тамақтану уақытын жібермеу қандағы қант шамасын бірқалыпты ұстайды. Күніне 2-3 литр су ішу керек, ағзадағы су тапшылығы бірінші кезекте миға әсер етеді.

Г. Берік