WhatsApp арқылы жүрек тапқан қыз

WhatsApp арқылы жүрек тапқан қыз
Фото: neurogadget.com

Әлеуметтік желі, әсіресе WhatsApp-та отыратындар уақытын босқа жұмсайды деген пікір қалыптасқан. Бірақ, жуырда Үндістан жерінде болған оқиға барысында бұл қосымша адамның өмірін құтқаруға көмектесті.  

Мумбай қаласында 16 жастағы Суидн Д’Суза атты қыз 2010 жылы сүйек обырына шалдығып, жүрегін мүлде әлсіретіп алған. Дәрігерлер оның жүректі ауыстыруы керектігін айтып, донорды күтуден кезекке қойған. Содан күндердің күнінде Суиднның кардиолог дәрігері Виджай Агарвал донорлыққа берілетін жүректі WhatsApp-тағы ортақ чаттан оқып біліпті. Сөйтсе, маңызды органы ерікті түрде берілетін 20 жастағы әйел талып құлап, кеуде қуысы жаралануы салдарынан көз жұмған екен. Ақыры Виджай көптеп-көмектеп жүріп, Үндістанның екінші шетіндегі Индаурдан жүректі алдыртады. Сөйтіп, Суиднге медиктер жасаған жүректі транспланттау операциясы сәтті аяқталып, ақ халаттылар оған екінші өмір сыйлады. «Жалпы Үндістанда үкімет донорлықты қолдамақ тұрсын, халықты күнделікті медициналық көмекпен қамти алмайтынын ескерсек, бұл зор жетістік. Ал табылған күннің өзінде кез келген жүректің жасөспірімдерге сәйкес келе бермейтінін алсақ, онда Суиднның әбден жолы болған», - дейді Виджай Агарвал.

Дереккөз: 24.kz

Г. Берік