Ғалымдар алкоголь мен тәтті заттар әуестігін жоятын гормонды тапты

Ғалымдар алкоголь мен тәтті заттар әуестігін жоятын гормонды тапты
Фото: all-pix.com

Жаңа жыл мерекесі күні әр үйдің дастарханы тәтті және майлы тамақтарға толып тұрады. Ондай тағамдарды мөлшерден тыс көп жегеннің зиянды салдары болуы мүмкін. Кейбір адамдардың денсаулығы тіптен ондай тағамдарды көтермейді.

Бұл құбылыс көптен бері ғалымдардың назарында. Алайда, осы уақытқа дейін ағзадағы тәтті тағамдарға деген әуестікті оятатын процесс барысы анықталмай келді. Жақында биология ғылымының аясында адамдардың қантқа әуестігін төмендетуге болатыны белгілі болды. Айова Университетіндегі зерттеушілер командасы FGF21 гормоны ағзадағы көмірсу деңгейіне жауап беретінін анықтады. Бұл гормон миға әсер беріп, қантқа деген әуестікті баса алады екен.

Бұл жаңалық сусамыр және семіздік ауруларын емдеуде жақсы жетістіктерге жеткізуі мүмкін.

Айта кетерлігі, FGF21 гормоны алкоголь әуестігін де тоқтата алады. Жоғарыда айтылған зерттеулер нәтижесі Cell Metabolism басылымындағы екі ғылыми мақалада толық жазылған.

Дереккөз:bnews.kz

О. Сансызбай