Бақытты болу үшін әлеуметтік желіден бас тарту керек

Бақытты болу үшін әлеуметтік желіден бас тарту керек
Фото: odnaknopka

Сарапшылар пікірінше, бақытты болу үшін әлеуметтік желіден бас тарту керек екен. Мамандар мұндай қорытындыға келуіне Даниядағы 1095 адам қатысқан тәжирибе себепші болған.

Тәжірибеге қатысқан еріктілер екі топқа бөлінді. Бірінші топ Facebook желісін әдеттегідей қолдана берді, ал екінші топ бас тартты.

Бір апта өткен соң желіден бас тартқан адамдарда өмірге деген құштарлық сезімі артқаны байқалды. Олардың 88 пайызы өзін бақытты сезінген, ал екінші топтағылар 81 пайыз болған. Facebook қолданушылары әлеуметтік желіде отырмайтын адамдармен салыстырғанда өздерін 39 пайызға бақытсыз сезінген.

Зерттеу аяқталған соң тәжірибеге қатысқандардың тек 12 пайызы ғана Facebook желісінен бас тарта алған. Нәтижесінде олар адамдармен шынайы қарым-қатынас орнатып, араласа бастаған.

Дереккөз:  ИА "Казинформ"

С. Ерсін