Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Би арқылы емделу

Би арқылы емделу

Би арқылы емделу

Бір адам ақылгөйге келіп: «Ей, данышпан, маған шындықты өтіріктен, әдемілікті сүйкімсіздіктен ажыратуды үйретші. Мені өмірдің қуанышына үйретші», - депті. Ойланып отырып ақылгөй оған билеуді үйреткен екен...

Шығыс әфсанасы

Сіздің есіңізге соңғы рет отырыста достарыңызбен билегеніңіз түсіп отыр ма? Менің бұл сұрағым би кештерінде дамыл таппай билейтін тек жастарға ғана қойылған жоқ. Сіз 20-25 жастан асқаннан соң-ақ отбасы құрып, бала-шаға қамымен жұмысбастылыққа үйреніп аласыз да, денсаулыққа мән беруден қаласыз. Ондай кезде әрине билеу түгілі көңіл көтеру үшін сергуді де ойламайсыз. Себебі сізде оған уақыт тапшы.

Ал сіз жалғыз басты жан болсаңыз ше? Онда сіз мына шындыққа көз жеткізіңіз: би – ауруды ұмытудың және өзіңді-өзің қалыпты сезінудің бірден-бір жолы.

Бимен емдеу – қазіргі уақытқа сай медицинаның ең жас салаларының бірі. Психоаналитик Вильгельм Райх билеп емделу туралы былай түсіндіреді: «Әр адамның бұлшық етінде маталған «қорғау сауыты» болады. Билеу арқылы ол содан айығады да, гармониясы да жоғарылайды».

19 ғасырдың 40 жылдары Вашингтонға әлдебір Марианн Чейс есімді адам қасиетті Елизавета жатқан аурухана бөлмесіне келіп, осы билеу әдісімен оны емдейді. Осыған куә болғандардың айтуынша, ол өзін осы әдістен соң жақсы сезінгенін айтып, таңданысын жасырмаған екен.

Сондықтан да билеудің адам денсаулығына ешқандай зияны жоқ. Керсінше, осы билеу арқылы күйзелістен де арылуға болады. Бұл үшін өз үйіңізге достарыңызды шақырып алып, тойлаудың яки би кештеріне барудың мүлде қажеті жоқ. Жай ғана жұмыстан шаршап, жүйкеңіз құрып келген сәтіңізде өзіңіздің сүйікті музыкаңызды қойыңыз да, айна алдына тұрып билеуге кірісіңіз.

Тек езу жымитып күлуді ұмытпаңыз! Өйткені сіз күні бойы қабақ шытып жүйкеңізге көп мөлшерде салмақ салып алғансыз. Билеп жатып сіз өзіңіздің бүгінгі өткен ауыр күніңізді ұмытып, жеңілдеп қаларыңызға шүбәміз жоқ. Неге бұлай тез арада тынышталып қаларыңыз сізге қызық па? Билеп жатқан адамда зат алмасу процесі жақсы жүреді. Жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйелері қалпына келіп, иммунитет күшейеді. Әр түрлі би қимылдарына салып билеуіңіз арқылы сіздің миыңыз да қалыпты жұмысына көшеді.

Билеу, әсіресе, күні бойы телефонға жауап беріп, жұмыс үстелінен тұруға мұршасы болмайтын жұмыскерлердің жүйке жүйесінің қалпымен жұмыс істеуіне және белінің ауруын басуына көмектеседі.

Шығыс биін билеу арқылы сіз тәніңізді ғана емес, жаныңызды да шынықтырасыз.

"Қаражорға" аталатын қазақтың буын биінің де адам денсаулығына пайдасы мол.

Психотерапеяның көзқарасына сүйенетін болсақ, қорқыныш мен күйзеліске бір табан жақын адамдар мен өзіне сенбейтін жандарға көп билеу қажет екен. Кейбір арт-терапевттердің айтуынша,адамның рухани жанын емдеуге би сөзден де жақсы көмек береді екен.

Егер сіз физикалық жаттығуларды жасауға  құмартпасаңыз, онда сіз үшін билеу де – дене шынықтыру үшін таптырмас нұсқа. Қазіргі таңда билеп үйрену үшін көптеген үйірмелер мен мектептер жеткілікті. Тек сіздің оған деген ынтаңыз болса жетіп жатыр. Ондағылар сізді бидің түр-түріне үйретіп, қалай билеу керек екендігіне бағыт береді. Күйзеліс бәрінің басына түседі. Тек оны жеңіп шығар адамдар аз. Сіз сол адамдардың қатарынан көрінгіңіз келсе, кеш батқанда терезе алдында уайымға салынып, сарылып отырғанша, айна алдына тұрып алып билеңіз!

Таңғы асқа – би, түскі асқа – би, кешкі асқа да – би... Міне, бар құпиямыз осы!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: np.kz, rwalk.narod.ru, stihi.ru, xdance-studio.ru, prikol.i.ua, corey-enema.mmm-tasty.ru, dancevilleclub.ru, namys.kz

5283 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 03 тамыз 2012, 11:55
Пікірлер
+0
03 тамыз 2012, 11:27

Ал кеттік, билейік ендеше))))) Негізі, өз басым билегенді қатты жақсы көремін, содан шығар ап-арық болып жүргенім)))))

+0
03 тамыз 2012, 12:59

латын америкасының билері әдемі негізі зажигающий ғой :lol:

+0
03 тамыз 2012, 13:11

Бидің шыныменде көңілді бір көтеріп жіберетіні бар,мейлі өзің билесеңде, немесе үйдегі кішкентайларға әуенді қосып беріп қарап отырсанда,көңілің бір жадырап қалады. :)

+0
05 тамыз 2012, 02:23

мен де билегенді қатты жақсы көремін, әсіресе достар болып жиналғанда биден қалыспаймын, :P ең бастысы билегенде адамның көңіл күйі көтеріліп қалады...

+0
08 тамыз 2012, 16:08

Би билеуді жақсы көремін. Бір сәт денең де сергіп, көңілің көтеріліп қалады

+0
08 тамыз 2012, 18:21

иә көңіл күйің көтеріліп қалады :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Том Сойермен балалық шаққа..."

Марк Твеннің таңдаулы туындылары

Автор: Nazym Samet
Жетінші аптаның үздік блогы
Жетінші аптаның үздік блогы

Демалыс кезінде блог жазуға да уақыт тапқан оқырмандарымызға алғыс айтамыз

"Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем!.."

. Әлемде миллиондаған аналар бар. Олардың әрқайсысы ерекше, әрі қайталанбайтын...

Мен мақтан тұтамын!
Мен мақтан тұтамын!

“Дарын – армандардың орындалатын құт мекені” деймін.

Егер мен жазушы болсам...
Егер мен жазушы болсам...

Егер мен жазушы болсам, "Махаббат, қызық мол жылдар" романының шешімі қандай...

Төрт алынған екі
Төрт алынған екі

Төрт алынған екі деген есепке төрт деп жазғаным себепті, мұғалімнен екі күн сын...

Автор: Естен Ербол

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...