Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Өлімге итермелейтін 3 әдет

Өлімге итермелейтін 3 әдет

Өлімге итермелейтін 3 әдет

Қысқа алынған тырнақ, гигиеналық далап, тісті күніне екі рет тазалау. Бір қарағанда, ең дұрыс және «салауатты» әдеттер тізімі секілді көрінеді. Дегенмен, шын мәнінде, бәрі өте күрделі.  

1. Жылдың суық мезгілінде жағылған гигиеналық далап

Ғимараттарда жылу қосылғанда, бөлме ішіндегі ауа тым құрғақ болады. Егер мұндай жағдайда гигиеналық далап қолдансаңыз, оның құрамындағы вазелин ылғалды ауадан емес (ауада ылғал жоқ), ерніңізден сорады. Нәтижесінде, ерніңіз одан сайын құрғап, ал сіз оны ылғалдандыру үшін далапты қайта-қайта жаға бересіз.   


Ғалымдар зерттеуі бойынша, әйел адам 10 жыл ішінде мұнай өнімдерінің негізінде жасалған 3 келі техникалық вазелин «жейді» екен. Мамандар қатерлі ісік вазелинмен тығыз байланысты деп болжайды. Оған қоса, омырау қатерлі ісігіне душар болған әйел ағзасындағы гидрокарбонат (техникалық вазелин құрамындағы заттар) мөлшері сау әйелге қарағанда, екі есе көп болатыны анықталып отыр.    

Не істеу қажет? 

  1. Ауа ылғалдатқышын орнатыңыз. Бөлме ішінде ауа ылғалдылығы 60%-дан кем болмауы тиіс!  
  2. Ара балауызынан жасалған гигиеналық далап сатып алыңыз.
  3. Күніне 2 литр су ішіңіз. Ылғалдандыру сырттан емес, іштен болу керек!

 

2. Башпай тырнағының қысқа алынуы

Егер Сіз тырнағыңызды қысқа етіп қиып, мұның еш қаупі жоқ деп ойласаңыз, қателесесіз. Дұрыс емес алынған тырнақ тырнақ асты етіне өсуі мүмкін.   


Егер қысқа алынған тырнақ асты іріңдей бастаса, не істеу керек?

  1. Аяғыңызды буға ұстап, терісін жұмсартыңыз.
  2. Тіс тазалағыш көмегімен, кішкентай мақтаны тырнақ астына тығыңыз.
  3. Мақтаны тырнақ астында 1 күнге қалдырыңыз: бұл тырнақты іріңдеген жерден сәл көтеріп, дұрыс өсуіне мүмкіндік береді.  
  4. Тырнақ астындағы теріге медициналық пластырь жапсырыңыз.
  5. Етке өсіп кеткен тырнақтың ұшын өз бетіңізбен алушы болмаңыз. Айтылған шараларды жасағаннан кейін де, жазылмаса, дәрігерге барыңыз!

 

3. Фторлы тіс пастасы

«Фторлы тіс пастасы тіс эмалін қатайтып, кариестен сақтайды», - деп ойласаңыз, сіз жартылай қателесесіз. 1972 жылы өткізілген медициналық зерттеулердің өзі фтордың денсаулыққа қауіпті екенін дәлелдеген. Ол сүйекте жиналып, қатерлі ісік – остеосаркома індетін ушықтырады.  


Не істеу керек?

  1. Фторлы тіс пастасын пайдалануды азайтып, мұндай пастаны күніне бір рет қана пайдаланған жөн. Фтор несепте, бұлшықет тарамдарында және қанда жиналады. 
  2. Тісті қарапайым тіс пастасымен немесе тіс ұнтағымен тазалау керек.

Суреттер 1tv.ru, zdorovieinfo.ru, natural-medicine.ru, nickn8.blogspot.com сайттарынан алынған

12771 29
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 12 қаңтар 2012, 16:13
Пікірлер
+0
12 қаңтар 2012, 17:26

Башпайға ет өсіп кеткенде жаман болады. Алдында ғана осы проблема болды менде. Жақсы болғанда уақытында етін алып, кейін перекись жағып, жазылтып алдым әйтеуір. Сосын Жаңа жылға демалыс күндеріне түсіп, аяқ киіп көп кимедім. ))

+0
12 қаңтар 2012, 17:32

Менде де ылғи осыған жолығам.((

+0
12 қаңтар 2012, 18:19

Меееее:))) УжЫс) Аяқ тырнақтарымды бірдеңе біліп, өсіріп жүр екенмін ғой:)) Ал гигиеналық далапты жағу әдетке айналған! Тіс патасының фторын қай жерінен көреміз?!

+0
12 қаңтар 2012, 18:24

сыртында жазып қояды ғой "со фтором" деп. Онсыз паста іздеу керек енді. Тапсаңдар, айтыңдашы.

+0
13 қаңтар 2012, 14:01

Аквафреш фторсыз екен!

+0
12 қаңтар 2012, 20:19

мәәәәәәәәәәәәәәәәә

+0
12 қаңтар 2012, 22:57

Бәсе дейм-ау, соңғы пайдаланып жүрген далап еш әсер бермейД, ерін тез құрғайды. Бұрын бір рет анам ара балауызынан жасалған гигиеналық далап әкелген, уот сол күшті расында да. Майлы болады, ерінге ылғалды, тез жағылатын. Еее, енД сондай алу керек екен, жалпы дәріханадан аламын гиг-қ далапты.

+0
13 қаңтар 2012, 00:02

корочее безеуди калай кетируге болат,????

+0
13 қаңтар 2012, 11:35

http://massaget.kz/bastangy/Zdorove/129 Мына жерде безеу туралы

+0
13 қаңтар 2012, 11:42

Башпай тырнағымның етке өсуі менде де болған. Үй жағдайында алу мүмкін болмаған соң, дәрігердің көмегіне жүгіндім. Бірақ қайта өсе бастағанда тағы сол қиындық пайда болды. Ақырында лазерлік ем қабылдауға тура келді.

+0
13 қаңтар 2012, 11:47

Ол қалай? Сол емнен кейін жазылды ма? Ауырмаңыз енді.

+0
13 қаңтар 2012, 18:07

Иә, сол лазерьлік емнен кейін жазылды. Бірақ сонда да күтім жасап тұрамын. Рахмет.

+0
07 қараша 2013, 00:46

Салеметсизбе! Мен 3 жылдан бері тырнағымды алып тастап жатырмын :( Қайта-қайта іріңдей береді. Менін сізден сұрағым келгені шынымен де тырнағыңыз жазылдыма? Егерде жазылса онда маған лазер мен не істейтінін айтасыз ба? Және сол емнін құны қанша болды?

+0
07 қараша 2013, 00:48

Лазерден басқа ем бар ма екен? Үлкендердің бәрі қорқытады саусағыңды кесіп тастайды деп!!!!!!!!

+0
13 қаңтар 2012, 14:31

Вообще, омир суру омирге кауыпты :)

+0
14 қаңтар 2012, 14:58

Біз біле бермейтін нәрселер ғой мынау! Бақытыма қарай ерін далабын көп пайдаланбайды екем. Тырнақты да түбінен алмайды екем. Бірақ түбінен қысқа алып жүретін достарым бар. Соларғай айтпасам.

+0
16 қаңтар 2012, 15:10

salem byarine! Nurgulya Aldabergenova rahmet! brak magan tipa krem siakti ketiretin kerek .....sondai izdegem....

+0
16 қаңтар 2012, 16:01

Негізі, кремдердің сыртында жазылады безеуден деп, дүкендерде толып тұр.) Оны жарнамалаудың қажеті жоқ. Ал жалпы, тамақтануыңызды қадағалаңыз, сыртынан жаққаннан гөрі, іш құрылысының әсері көп болады. Қуырылған, майлы тағамдарды көп жемеңіз.

+0
16 қаңтар 2012, 15:13

aslan--94@list.ru jiberinderwiw)))obw eteik??

+0
16 қаңтар 2012, 16:37

zinerit degendi jakkam...brak ketirmedi....tamakti korgende jep tastap turkko... prosto menin betim tesik bolip kalgan bezeudin orindari...solardi ketiruim kerek... a ondai jerge nesteu kerek ???tesilip kalgan jerlerdi???

+0
16 қаңтар 2012, 16:39

Оны анау-мынау крем кетірмейтін сияқты. Мүмкін, пластика керек шығар.

+0
16 қаңтар 2012, 16:42

oni 1 ret jasamaidigo aptasina ili ai sain jasap turu kerek wigar dya????

+0
16 қаңтар 2012, 17:27

жоқ, пластикалық операция, тесіліп қалған тері деген шрам ғой уже. оны өзіңіз кетіре алмайсыз, білуімше. Косметологқа барып көріңіз.

+0
19 қаңтар 2012, 18:22

Аяқтың жырын менен сұраңыздар. Бұл өте қауіпті әрі ауыр екен. Мен басында аса мән бере қоймағанмын, кейін дәрігерлер хирургиялық жолмен саусақты кесіп, артық етті алып тастаған.

+0
27 қаңтар 2012, 22:38

Мен бала кезімнен қолымның да, аяғымның да тырнақтарын түбіне дейін аламын. Кейде тіпті еттерін де алып тастаймын)) Cонда бұл қауіпті ме? Бірінші рет естіп тұрмын)

+0
31 қаңтар 2012, 12:15

Тырнақтың етке кіріп кетуі, медицинада хирургиялық жолмен ғана алынады. Ол гигеналық тазалықты сақтамағаннан және тырнақты дұрыс алмаудың себебінен туындайды. Адам ағзасында иммунитет әлсірегенді әлгі ауру асқынып, қол тигізбейтін жағдайға ұшыратады. Яғни аяқ киім кимек түгілі, біреу аяғынды жәй басып кеткеннің өзі жаныңды көзіне көрсетеді. Көбінде мұндай жағдайға аяғы ауыр әйелдер, жаңа босанған әйелдер, сирек жағдайда ер-азаматтар ұшырайды. Егер тырнағыңызды жөнді алмайтыныңызды байқасаңыз, жылына бір рет педикюрден кеңес алыңыз.

+0
25 қараша 2015, 19:28

Салеметсіздерме?!
Менің үлкен башпайымның тырнағы жартыскөгеріп кетті.Көгерген жерінің асты ашық тұр,яғни жартысы теріге жабысып,жартысы жабыспай тұр... Не істеуге болады? Түсіп қалады ма?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...