Ұйқыға қолайлы бөлме температурасы

Ұйқыға қолайлы бөлме температурасы
Фото: fasadmdf-058.ru

Джонс Хопкинс университетінің (АҚШ) бір топ зерттеушілері қоршаған орта жағдайының адам ұйқысына әсері туралы зерттеулер жүргізіп келеді. Жақында ғалымдар адам ұйқысы үшін ең қолайлы бөлме температурасын анықтады.

Мамандар жасаған тәжірибелер қорытындысы бойынша, адам ұйқысы бөлме температурасы 18 градус болғанда сергек болады екен. Егер 18-ден жылырақ болса, қайта ұйқысыздық жайлап, мазасы қашатын көрінеді.

Нидерланд биологтары адамның жұмыс жасауына қолайлы, ыңғайлы болатын кеңседегі ауа температурасын анықтауға тырысқан. Биологтардың есептеулері бойынша, әйел адамдар үшін кеңсе температурасының ең жоғарғы күйі – 24,5 градус, ер адамдар үшін – 22 градус. Зерттеушілер температура айырмашылығын әйел адам ағзасында жүретін метаболизм процесінің төмен болуымен түсіндірген.

О. Сансызбай