Тісті ағартудың тамаша әдісі

Тісті ағартудың тамаша әдісі
Фото: www.henrichdental.com

Бәрімізде тісіміздің аппақ, күлкіміздің әдемі болғанын қалаймыз. Алайда талай адамдар тістерін ағарту үшін қыруар қаржы жұмсап жатады. Сондықтан, біз бүгін сіздердің назарларыңызға тісті ағартудың тиімді әрі тамаша әдісін ұсынғымыз келіп отыр.

Видеодағы сүйкімді қыз тісті қалай ағарту керектігін айтады. Біреулеріңізге бұл әдіс біртүрлі көрінетін шығар, бірақ өзіңіз байқап көрмей, шешім қабылдауға асықпаңыз. Ол үшін алдымен дәріханаға барып, белсендірілген көмір алып, оны үгітіп, ұнтақпен араластырып, өзіңіздің тіс щеткаңызға шамалап себіңіз. Бұл әдісті әр таң сайын қайталап тұрғаныңыз абзал. Алғашында тісіңізді көріп, таң қалуыңыз мүмкін. Алайда тазалап жуғаннан кейін көз жеткізесіз. Шамамен 3-5 минуттан кейін аузыңызды шайсаңыз, тістеріңіз маржандай болып көрінеді. Белсендірілген көмір бактерияларды жойып, тіс пен қызыл иекті ауру мен шірулерден қорғайды екен. 

Толығырақ мына видеодан көре аласыздар.

Ж. Исакаев